Елімізде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін - Деловая Жизнь Казахстана
plastic 631625 1280 Елімізде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін
Редактор 28 апреля, 2021 862 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Елімізде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

2021 жылдың 3 айында елімізде 17 мың тонна қоқыс өңдеуге тапсырылған «ӨКМ Операторы» ЖШС стратегиялық мәселелер бойынша басқарушы директоры Қайратғали Хайрулла Қазақстанда пластик қалдықтарды өңдейтін…

2021 жылдың 3 айында елімізде 17 мың тонна қоқыс өңдеуге тапсырылған

«ӨКМ Операторы» ЖШС стратегиялық мәселелер бойынша басқарушы директоры Қайратғали Хайрулла Қазақстанда пластик қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт салынуы мүмкін екенін, қоқыстан қалай пайда табуға болатынын, кәсіпкерлер үшін жаңа жоба іске қосылғанын айтты.
Оның айтуынша, 2020 жылы 44,5 мың тонна қоқыс қалдығы жиналып өңделген. Биыл 3 айда 17 мың тонна қалдық өңдеуге тапсырылған. «Біз келісімшарт негізінде қоқыс өңдейтін 22 кәсіпорынмен жұмыс істейміз. Олар шыны, пластик бөтелкелерді және қағаздарды (макалатура) қайта өңдейді. Негізі мұндай кәсіпорындардың саны көп», — деді Қайратғали Хайрулла.
Басқарушы директор қоқыс өңдеу саласы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беретінін жеткізді. Ол бұрын субсидия алу үшін 27 құжат өткізілсе, енді тек 3 құжат тапсыру жеткілікті екенін, тендер жүйесі алынып тасталғанын айтып берді. Оның пікірінше, аталған жоба қайта өңдеу саласына келемін деген бизнес өкілдері үшін қызықты әрі тартымды.
«2021 жылдың қаңтарынан бастап «EcoQolday» жобасы аясында қалдық өңдеу ісін қаржыландыру жұмысы қолға алынды. Барлық жұмысты автоматтандырдық. Кәсіпкерлер ecoqolday.kz cайты арқылы өтінім жіберіп, пайда таба алады. Яғни, қоқыс жинаушыны, оны тасымалдаушыны және өңдеушіні жеке-жеке субсидиялаймыз. Оларға тиісті қаржы жұмысты аяқтағаннан кейін беріледі», – деді басшы.
Қайратғали Хайрулла бүгінде «EcoQolday» жүйесінде 244 кәсіпкер тіркелгенін, оның ішінде қоқысты тасымалдайтын, жинайтын және өңдейтін компаниялар барын атап өтті. Жоба аясында шыны, пластикалық қаптама, қағаз (макалатура) қайта өңделеді.
«Қоқыс қалдығын жинайтын 76 мекеме келісімшартқа отырды. Олар 22 қоқыс өңдейтін зауытқа шикізатты тапсырады. «EcoQolday» жобасы аясында тасымалдаушыға жол шығынын негізгі бөлігі өтеп беріледі. Мысалы, кәсіпкер жүк көлігімен Нұр-Сұлтаннан Алматыдағы қоқыс өңдейтін зауытқа қағаз, шыны бөтелке жеткізсе, жол шығынының 70%-80%-ы өтеледі», — деді басқарушы директор. «ӨКМ Операторы» мәліметінше, қайта өңделетін шикізаттың 1 тоннасына берілетін төлемдердің мөлшері қосымша құн салығын қосқанда: шыны үшін – 22 344 теңге, пластикалық қаптамаға – 26 399 теңге, қағаз/картон – 16 977 теңге. 19 сәуірдегі мәлімет бойынша, компания «EcoQolday» жобасы іске қосылғаннан бері қаптама қалдықтарын жинайтын, тасымалдайтын және қайта өңдейтін кәсіпкерлерге 75 млн 528 мың 905 теңге қаражат төлеген. Сонымен қатар, компания биыл 230 мың тонна қайта өңделетін шикізатты жинап, қайта өңдеуді жоспарлап отыр. Биыл оған 10 млрд теңге қарастыралды. Жаңа зауыт салынуы мүмкін Сонымен қатар басқарушы директор алдағы уақытта елімізде пластик өңдейтін зауыт салынуы мүмкін екенін жеткізді. «Пластмасса материалдардан жасалған қаптама қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салу үшін инвестор іздеп жатырмыз. Ол үшін жақында конкурс жарияладық. Әлі инвесторды тапқан жоқпыз. Зауыттың қашан және қайда салынатынын, жобаның құнын айта алмаймын. Себебі, барлығы инвесторға байланысты. Біз зауытқа қажет құрал-жабдықтардың 50%-ын қаржыландыруға дайынбыз», – деп түйіндеді сөзін Қайратғали Хайрулла.