Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы тиімсіз - Деловая Жизнь Казахстана
155533114 485713816148958 4145724149704760450 n Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы тиімсіз
Фото Instagram | sez_astana_technopolis
Евгений 19 апреля, 2021 1021 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы тиімсіз

Олардың орташа толымдылығы – 34%. Қазақстандағы 13 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) барлығы 252 компания тіркелген. Алайда олардың жұмысы тиімсіз, деп хабарлайды finprom.kz 2021 жылдың сәуіріндегі…

Олардың орташа толымдылығы – 34%. Қазақстандағы 13 арнайы экономикалық аймақта (АЭА) барлығы 252 компания тіркелген. Алайда олардың жұмысы тиімсіз, деп хабарлайды finprom.kz

2021 жылдың сәуіріндегі мәліметке сәйкес, елімізде 13 АЭА жұмыс істейді. Ең алғаш ашылғаны АЭА – «Астана – жаңа қала». Оның жұмыс істеп тұрғанына 20 жыл. Тізімде одан кейін «Морпорт Ақтау» АЭА (19 жыл), «Инновациялық технология паркі» (шамамен 18 жыл) бар. «Оңтүстік» АЭА-нің толымдылығы – 100%. Оның ашылғанына – 16 жыл. Тізімде сондай-ақ «Астана – жаңа қала» АЭА және «Тараз химия паркі» АЭА тұр. Барлық арнайы экономикалық аймақтың орташа толымдылығы – 33,6%. Инфрақұрылымы 100%-ға дайын «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА және «Оңтүстік» АЭА, сондай-ақ «Тараз химия паркі» АЭА-ның инфрақұрылым дайындығы – 99%. Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар өндірісті жедел дамыту және шетелден инвестицияны тарту үшін ашылған. Мұнда кәсіпкерлер мен инвесторларға корпоративті табыс салығына 0%, жер және мүлік салықтарына жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, АЭА-дағы компаниялар импорт кезінде кедендік баждан босатылады. Оларға инфрақұрылымы бар жерді сатып алуға мүмкіндік беріліп, тегін жер учаскесімен қамтамасыз етіледі. Инвестиция көлемі 1 млн АЕК-тен (1АЕК – 2 917 теңге) асатын жобаларға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасынан тыс қосымша шетелдік жұмысшыларды алуға рұқсат берілген. Бүгінде еліміздегі 13 АЭА-да 252 компания тіркелген. Барлық компанияның құрылтайшысы – Қазақстан. Тек АЭА-дағы жалғыз шетелдік құрылтайшы – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы австралиялық «STANKOM» ЖШС (Qazindustry мәліметінше).
«Хабар24» телеарнасының мәліметінше, елдегі арнайы экономикалық аймақтың басым бөлігінің шығыны көп. Себебі, олардың жұмысының тиімділігі төмен. Мәселен, «Түркістан» АЭА 2 жыл бұрын қаланың дамуын жеделдету үшін ашылғанмен, жоба тек қағаз жүзінде жүзеге асырылған. Мысалы, АЭА-ның 2 өнеркәсіп аймағында жергілікті билік осы уақытқа дейін кәсіпкерлер үшін бірде-бір ғимарат салмаған. Сондықтан, кәсіпкерлер бұл жерде жұмыс істегісі келмейді. «Тараз химия паркі» экономикалық аймағында коммуникацияға байланысты проблема жоқ. Алайда, мұнда жобалар тапшылығы қатты сезіледі. 8 жылда мұнда бір ғана кәсіпорын іске қосылған. Қалған арнайы экономикалық аймақтарындағы жағдай да мәз емес.