Еліміздегі жетекші музей-қорықтардың аумағына визит орталықтар салынады - Деловая Жизнь Казахстана
1607156699 2 scaled e1620982076408 Еліміздегі жетекші музей-қорықтардың аумағына визит орталықтар салынады
Фото: ulytaureserve.kz
Редактор 14 мая, 2021 665 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 35 секунд

Еліміздегі жетекші музей-қорықтардың аумағына визит орталықтар салынады

Олардың қатарында «Есік» және «Берел» қорғандары бар. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар алаңындағы есеп беру кездесуі барысында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды…

Олардың қатарында «Есік» және «Берел» қорғандары бар. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар алаңындағы есеп беру кездесуі барысында туристік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне тоқталды

«Еліміздегі барлық жетекші республикалық музей-қорықтарының аумағында визит орталықтар салу жоспарланған. Мәселен, былтыр «Ұлытау» музей-қорығының маңында визит орталық құрылысы аяқталды. 2021 жылдың соңына дейін «Гауһар ана» және «Ордабасы» визит орталықтарын салып бітіру жоспарланған. Сонымен қатар «Есік» және «Берел» қорғандарының маңында 2022 жылы туристерге арналған кешен ашылмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде», – деді министр.  Ақтоты Райымқұлованың айтуынша маусымның соңына қарай Ұлытауда «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұған қоса шілде айында Шығыс Қазақстан облысында «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланған.
«Бұл туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында көзделген іс-шаралардың бір қатары», – деді министр.