Ішкі рейстер балаларға тегін! - Деловая Жизнь Казахстана
children aboarrd Ішкі рейстер балаларға тегін!
Изображение Miran Lesnik с сайта Pixabay
Редактор 23 марта, 2021 466 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 23 секунды

Ішкі рейстер балаларға тегін!

Еліміздің 10 туристік аймағына ұшатын рейстер балалар үшін тегін болады Ақысыз билет 2-14 жастағы балаларға арналған. Бағдарламаның мақсаты – ел азаматтарын отбасылық демалысқа ынталандыру. Жалпы,…

Еліміздің 10 туристік аймағына ұшатын рейстер балалар үшін тегін болады

Ақысыз билет 2-14 жастағы балаларға арналған. Бағдарламаның мақсаты – ел азаматтарын отбасылық демалысқа ынталандыру. Жалпы, бұл жеңілдік жолдама құнын 30 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік береді.
«Kids Go Free» жобасы бойынша 10 туристік аймаққа баруға болады (кестеде көрсетілген). Тегін билеттердің санына ешқандай шектеу қойылмаған. Тек бір ғана шарт: отбасы демалыс орындарында кемінде 4–5 күн демалуы керек. Егер сіз бірден бірнеше жерге баруды жоспарласаңыз, онда әрқайсысында кем дегенде бір түн болуыңыз қажет.