Кәсіпкерлікке ең қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында - Деловая Жизнь Казахстана
woman wearing mask ordering food cafe restaurant covid 19 Кәсіпкерлікке ең қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында
Woman wearing mask ordering food in a cafe restaurant covid 19
Редактор 12 июня, 2021 211 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 50 секунд

Кәсіпкерлікке ең қолайлы 78 елдің ішінде Қазақстан 75-орында

Рейтингтің барлық тармақтары бойынша еліміз өте төмен баға алды. 2021 жылғы US News & World Report кәсіпкерлік үшін ең қолайлы елдердің рейтингінде Қазақстан 78 мемлекеттің…

Рейтингтің барлық тармақтары бойынша еліміз өте төмен баға алды. 2021 жылғы US News & World Report кәсіпкерлік үшін ең қолайлы елдердің рейтингінде Қазақстан 78 мемлекеттің ішінен 75-орынды иеленді. Республикадағы кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау 100-ден 0,9 балды ғана құрады

ТМД елдерінің ішінде рейтингте Ресей (22-орын), Украина (51-орын), Беларусь (57-орын), Әзірбайжан (71-орын) Қазақстаннан жоғары тұр.
Тізімде тек үш мемлекет артта қалды. Олар Өзбекстан (76-орын), Гватемала (77-орын) және Сальвадор (78-орын). Рейтингті Жапония, Германия және АҚШ ашады. ТОП 5-тікке Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея кіреді. Рейтингте 78 елді 76 түрлі индикаторлар бойынша бағалаған. Ол үшін 17 мыңнан астам адамнан сұхбат ала отырып зерттеу жүргізілген.
Айта кететіні, 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елде жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған 1,1 млн субъектісі болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% жоғары. Жеке кәсіпкерлердің жалпы санының 47,5%-ын әйелдер басқарады.
Аймақтық контексте субъектілердің көпшілігі Түркістан облысында жұмыс істейді: 131,7 мың — өткен жылмен салыстырғанда 0,9% аз. Бизнес саны бойынша үш алдыңғы қатарлы облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да бар. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше жеке кәсіпкерлердің ең аз шоғырланған.