Көпбалалы отбасыларға баспанаға құжат қабылдау басталады - Деловая Жизнь Казахстана
astana 3725230 1280 Көпбалалы отбасыларға баспанаға құжат қабылдау басталады
Редактор 16 апреля, 2021 672 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Көпбалалы отбасыларға баспанаға құжат қабылдау басталады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасылар»…

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй орталығы көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды

Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көпбалалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады.
Пәтерлердің жалпы саны 94, оның ішінде:

  • 89 үш бөлмелі пәтер (74,6 — 76,1 ш.м.)
  • 5 төрт бөлмелі пәтер (97 кв.)

Тұрғын үй түрі: Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;
Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 және Қордай көшесі, 79а.
Қабылдау күні: 2021 жылғы 21 сәуір сағат 00:00-ден 2021 жылғы 28 сәуір сағат 23:59-ге дейін;
Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;
Шарттары: Нұр-Сұлтан қаласында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.
Іріктеу қою күні мен отбасы құрамы бойынша «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.
Қатысуға өтініштерді барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді. Біз қандай жылдар өтетінін алдын-ала білмейміз, өйткені нәтижелер кезекте тұрғандардың қай жылдары өтініш беретініне байланысты, ал мұны болжау мүмкін емес.
Өтініш беру үшін:

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.