Қой етінің экспорт көлемі төмендеді - Деловая Жизнь Казахстана
sheep 1822137 1280 Қой етінің экспорт көлемі төмендеді
Редактор 14 апреля, 2021 796 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Қой етінің экспорт көлемі төмендеді

Пандемия ет экспортына да кері әсер еткен.  2020 жылы қой етіне деген сұраныс әлем бойынша күрт азайды. Бұл бізге де өз әсерін тигізгені анық Қазақстаннан…

Пандемия ет экспортына да кері әсер еткен.  2020 жылы қой етіне деген сұраныс әлем бойынша күрт азайды. Бұл бізге де өз әсерін тигізгені анық

Қазақстаннан экспортталған қой етінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе аз. 2019 жылы ел ауағынан экспортталған қой етінің құны 12,6 млн долларды ғана құраған. Ал былтыр бар болғаны 5,6 млн доллар ғана. Шопан ата түлігінің етін ең көп сатып алған елдердің үштігіне Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Ресей кіріп отыр. Осы үш ел бізден 5,5 млн доллардың етін сатып алған. Пайызға шақсақ, экспортталған қой етінің 97,1%-ына тиесілі деген сөз. Қалған 100 мың доллардың етін Иран, Әзербайжан, Бахрейн және Оман елдері тұтынған. Мұны біз Ұлттық статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп айтып отырмыз. «Қазақстан Даму Банкінің» талдау деректері де осыған саяды. Қой етін сыртқа қай өңірлер көбірек сатты дегенге келсек, Жамбыл, Түркістан жәна Батыс Қазақстан облыстары тұр. Әсіресе Түркістан және Батыс Қазақстан облысының ет өндірушілері өнімді жас күйінде тоңазытып жолдап отырған.
Бұл көлемдерді 2019 жылмен салыстырсақ, шошқа етінің экспорты бұрынғы күйінде қалған немесе 1,4 млн доллардың еті өткізілген. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылы Армения 1,1 млн доллардың шошқа етін, Ресей Федерациясы 0,3 млн доллардың етін сатып алған. Соңғы екі жылда шошқа етін экспортқа ең көп шығаратын өңір Ақтөбе облысы болып тұр. Былтыр ақтөбелік фермерлер  798,3 тонна доңыз етін экспорттаған. Қой етінің экспорты азайғанымен, сиыр етіне деген сұраныс артыпты. Қазақстандық өндірушілер бір жылдың ішінде сиыр етінің экспортын 34,8%-ға арттырған. 2019 жылы елімізден 23,3 млн доллардың сиыр еті шығарылса, 2020 жылы осы өнімнің экспортынан  31,4 млн доллар пайда түскен. Импорттаушы елдердің алғашқы үштігінде Өзбекстан, Ресей және Қытай тұр. Қазақстаннан шыққан өнімнің 97%-ы осы көрші елдерге жөнелтілген. Ақшалай есептесек,  30,4 млн доллар деген сөз.  Қалған етті  Беларусь пен Кырғызстан сатып алған. Жылқы етіне келер болсақ, 2019 жылы бұл өнімнің қанша көлемде экспортталғаны туралы мәлімет жоқ. Есесіне биыл аз да болса экспортқа шығарылған. Ақшаға шақсақ, 100 мың доллардың өнімі сатылған. Негізгі сатып алушы – Ресей.