Министрлік киік санағының нәтижесін жариялады - Деловая Жизнь Казахстана
saigak
Редактор 28 мая, 2021 1125 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 40 секунд

Министрлік киік санағының нәтижесін жариялады

Киік популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл нәтиже берген.   2 жылда Қазақстандағы киік саны 2 есе өсіп, 842 мыңға жетті Экология, геология және табиғи…

Киік популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл нәтиже берген.   2 жылда Қазақстандағы киік саны 2 есе өсіп, 842 мыңға жетті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, елімізде киік санағы соңғы рет 2019 жылы жүргізілген. Ал 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты есеп жүргізілмеген. Қазақстанда киіктің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді 3 популяциясы бар. Әлемде бұл жануарлардың 90%-дан астамы ел аумағында мекендейді. Қазақстан төлдеу, қыстау және көші-қон кезеңінде киік шоғырланатын негізгі жерлерде «Ырғыз-Торғай» (Ақтөбе облысы) және «Алтын дала» (Қостанай облысы) мемлекеттік табиғи резерваттарын құрған.
2012 жылы киіктерді заңсыз аулағаны үшін жауапкершілік шаралары күшейтілді. Ал 2019 жылы браконьерлік үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу сынды қатал жаза енгізілді. «Киік популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл өз нәтижесін берді. 2 жылда еліміздегі киік саны 2 есе өсті: 334 мыңнан 842 мыңға дейін», – деп хабарлады министрліктен.