Мұнайды есепке алу жүйесі өнеркәсіпке енгізіледі - Деловая Жизнь Казахстана
refinery 4800320 1280 e1620294427725 Мұнайды есепке алу жүйесі өнеркәсіпке енгізіледі
Редактор 06 мая, 2021 606 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 39 секунд

Мұнайды есепке алу жүйесі өнеркәсіпке енгізіледі

Қазақстанда мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі (МЕАЖ) өнеркәсіпке енгізіледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты Вице-министр МЕАЖ құру және енгізу жұмыстары…

Қазақстанда мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі (МЕАЖ) өнеркәсіпке енгізіледі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова айтты

Вице-министр МЕАЖ құру және енгізу жұмыстары «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Бүгінде есеп беру құралдарымен жабықтаудың негізгі схемасы бекітілді, жүйеге пилоттық режимде 4 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылды. Жыл соңына дейін мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өндеудің 60%-дан астамын жүзеге асыратын ұйымдарды МЕАЖ-ге қосу жоспарланып отыр»,– деді Жанат Жахметова ОКҚ-де өткен брифингінде.
Оның айтуынша, министрлік жер қойнауын пайдаланушылар үшін жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін (БМБЖ) де енгізген. Ол 2014 жылы іске қосылыпты. Жүйе есеп беру құралы болып саналады. Сондай-ақ, БМБЖ-де лицензиялық келісімшарттардың орындалуына мониторинг жүргізіледі және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жинақталады. Бүгінде жүйеде 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.