Несие тарихының мерзімі қысқарды - Деловая Жизнь Казахстана
portrait beautiful young asian woman use credit card with laptop online shopping Несие тарихының мерзімі қысқарды
Редактор 29 апреля, 2021 644 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 36 секунд

Несие тарихының мерзімі қысқарды

Бүгін сенаторлар қабылдаған заң коллекторлық агенттіктерге бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио…

Бүгін сенаторлар қабылдаған заң коллекторлық агенттіктерге бөгде адамдардың телефон нөмірлерінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салады

Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндетті болады. Сенаторлардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі сөйлесу немесе заңнаманы бұзудан сақтайды.
Сонымен қатар, несие тарихы нашар адамдар енді аса қажет болған жағдайда несие ала алады. Егер бұрын ондай тарихты сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде қабылданған түзетулерге сәйкес бұл мерзім 5 жылға дейін қысқарады.
Заңда банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Енді мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады. Сондай-ақ қарыз алушылардың кредиторларға өтініштерін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.