Пошталық және курьерлік қызметтер өсті - Деловая Жизнь Казахстана
freight 17666 1280 Пошталық және курьерлік қызметтер өсті
Редактор 12 апреля, 2021 571 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 57 секунд

Пошталық және курьерлік қызметтер өсті

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында пошта және курьерлік қызмет көлемі 7,9 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда  23,5% артық Инфляцияны ескере отырып, қызметтердің нақты көлемі 17,1%…

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында пошта және курьерлік қызмет көлемі 7,9 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда  23,5% артық

Инфляцияны ескере отырып, қызметтердің нақты көлемі 17,1% өскен. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылдың дәл осы кезеңінде қызметтер 6,4 млрд теңгеге, бір жыл ішінде 11,5% қымбаттаған. Ауылдық жерлерде биылғы жылдың екі қыс айында көрсетілетін қызметтер көлемі тек 402,6 млн теңгені құрады. Ал, 2020 жылдың дәл осы уақытындағы көрсеткіш 335,6 млн теңге. Қарастырылып отырған кезеңде халыққа 2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 38,8% артық. Оның ішінде ауылдардағы халыққа көрсетілетін қызметтер барлығы 257,5 млн теңгені құрады.
Өңірлік бойынша барлық пошта және курьерлік қызметтердің жартысынан астамы Алматыда көрсетілді: 4,7 млрд теңге — бір жыл бұрынғыға қарағанда 24,6% артық.
ТОП-3 өңірге Нұр-сұлтан (779 млн теңге) мен Қарағанды облысы (317,2 млн теңге) кірді. Ең аз қызмет Қызылорда облысына тиесілі. Барлығы 81,8 млн теңге. Өткен жылмен салыстырғанда еліміздің 17 өңірінің ішінде тек екеуінде қызмет көлемі азайған. Олар – Павлодар (1%-ға, 128,4 млн теңгеге дейін) және Солтүстік Қазақстан (9,3%-ға, 132,6 млн теңгеге дейін) облыстары. Заңды тұлғалар үшін пошталық және курьерлік қызметтердің құны ағымдағы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша жылына 5,3% өсті. Оның ішінде пошта қызметтері 7,7%, курьерлік қызметтер-3,2% қымбаттаған.