Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізген үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды Құжатта Малшылар күнін маусымның екінші жексенбісінде атап…
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізген үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Құжатта Малшылар күнін маусымның екінші жексенбісінде атап өту ұсынылған.
«Жобаның мақсаты – елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу», – делінген түсіндірме жазбада.
Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін созылады.