«Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталары сатылымға шығады - Деловая Жизнь Казахстана
qazaqstannynI astanasy a nur sultan «Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталары сатылымға шығады
Редактор 26 апреля, 2021 482 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 34 секунды

«Qazaqstannyń astanasy – Nur-Sultan» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

ҚР Ұлттық банкі «Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады Монеталарды 28 сәуірден бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы…

ҚР Ұлттық банкі «Есте қалар оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады

Монеталарды 28 сәуірден бастап kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс. Шақаның номиналы – 1000 теңге. Жалпы массасы – 62,2 грамм, оның 46,2 грамы 925/1000 сынамалы күмістен, 16 грамы 999/1000 сынамалы алтыннан тұрады. Дайындау сапасы – «proof». Диаметрі – 50 мм. Шығарылған дана саны – 1000.
Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады. Монеталар кәдесый орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік тілдегі, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.