Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 сәуір кешімен салыстырғанда 0,95 теңгеге арзандап,…
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 сәуір кешімен салыстырғанда 0,95 теңгеге арзандап, 1 доллардың құны 429,76 теңге болды. Ұлттық банктің 26 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар – 430,76 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 430,97 теңгеден саудалануда, сатып алу бағасы – 429,46 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,11 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 420,23 теңге.