Қосымша салық салынса, Қазақстандағы майнинг нарығы құлдырайды - Деловая Жизнь Казахстана
farm-2852025_1280
Редактор 27 мая, 2021 653 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 2 минуты

Қосымша салық салынса, Қазақстандағы майнинг нарығы құлдырайды

Майнингтік фермалар мен дата-орталықтар осылай деп дабыл қақты Өткен аптада Қазақстанда майнинг нарығына қатысушыларға салық салынатыны туралы ақпарат тарады. Анығын айтсақ, майнингтік фермалар мен дата-орталықтарға…

Майнингтік фермалар мен дата-орталықтар осылай деп дабыл қақты

Өткен аптада Қазақстанда майнинг нарығына қатысушыларға салық салынатыны туралы ақпарат тарады. Анығын айтсақ, майнингтік фермалар мен дата-орталықтарға электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 1 теңге салық енгізілуі мүмкін. Нарық қатысушылары бұған қарсылық білдіріп, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Сала мамандарының айтуынша майнинг саласын құлдыратуы мүмкін өзгеріс Салық кодексіне енгізілмек. Түзетулерді Мәжіліс мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген. «Қазақстандағы блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығы» ЗТБ президенті Алан Дорджиевтің айтуынша қазір Қазақстанда 17 майнингтік дата-орталық жұмыс істейді. ҚР Энергетика министрлігі мен ЦДИАӨМ деректері бойынша, цифрлық майнингтің дата-орталықтары тұтынатын электр энергиясының көлемі 500 мегаватты құрайды. Ал нарықтың көлемі жылына 4,38 млрд киловатт. Бұл қосымша құн салығын қоса алғанда электр энергиясының бағасы 13 теңге болған кездегі көрсеткіш. Электр станцияларына электр қуаты үшін 57 млрд теңгеден қарастырылады. Сонымен қатар, тағы 10-15 млрд теңге сала мамандарына жалақы төлеуге, құрылысқа, жергілікті энергетикалық өнімді (кабель, бақылау шкафтары, трансформаторлар) сатып алуға жұмсалады. Есесіне шетелдік валюта түрінде майнинг қызметтері үшін жылына 70 млрд теңгеден аса сома түседі.
«Цифрлық майнинг технологиялық процесс. Бұл –түрлі IT өнімдерін өндіруге негізделген сала. Майнингті смартфонда және компьютерде, үйде және жұмыста жасауға болады. Салық кодексіне түзетулер қабылданса, бұл өз пайдасын икемдеп пайдалануға жол ашады, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін туғызады», – дейді қауымдастық президенті. Оның айтуынша Салық Кодексіне өзгертулер асығыс қабылдануда және бұл инвесторларды қатты алаңдатып отыр. Алдағы уақытта олар аталған саладан кетіп қалуы мүмкін. «Егер 1 киловатт-сағат үшін 1 теңге мөлшерінде қосымша салық енгізілсе, онда негізгі қосымша құн салығы және корпоративтік табыс салығы секілді негізгі салықтардан басқа, майнерлер Қазақстан бюджетіне 4,4 млрд теңге төлейтін болады. Шетелдік инвесторлар мұны мемлекеттік органдар секторды басқаруға ұмтылу деп ойлап, болашақта оған реинвестиция жасауға деген қызығушылықтары бәсеңдейді», – дейді Алан Дорджиев. Нарық ойыншыларының айтуынша 2020 жылы Цифрлық майнингке байланысты салық аударымдары 9,5 млрд теңгені құраған. Жалпы салада 800 адам жұмыс істеп жатыр. Бұл инженер, энергетиктер мен электр желілері мамандары, бағдарламашылар, микрочиптер мен платалар жөніндегі электроника мамандары сынды жоғары ақы төленетін кадрлар.
Сондай-ақ салада мердігерлер жұмыс істейді, бәрін қосқанда еңбек ететіндер саны 1 500 адамды құрайды. Барлық дата-орталықтар өңірлерде орналасқан. Салық кодексіне енгізілетін түзетулер штаттық қызметкерлердің қысқаруына да әсер етпек.
«Қазақстанда онға жуық электр стансасы майнерлермен жұмыс істейді. Түзетулер бұл салаға да залал келтіреді. Майнингтік дата-орталықтар аймақтық электр стансалардың негізгі сатып алушылары болып табылады. Олардан айырылып қалмас үшін электр стансаларына киловатт-сағат құнын кем дегенде 1,5 теңгеге төмендету есебінен қосымша жүктемені өтеу қажет болады», – дейді Алан Дорджиев. Мұны «Согра ЖЭС» директоры Нұрлан Маженов та растап отыр. «Біздің негізгі тұтынушыларымыз майнингтік фермалар. Майнингтік фермалар мен дата-орталықтарға қосымша салық салу қаржылық қиындықтарға әкеледі деп отыр. Бұл нарықтың дамуы біздің де жұмысымызға үлкен әсер етті. Шағын күші бар электр стансаларда 2018 жылға дейін түрлі қиындықтар болды. 2019 жылдан бастап, майнерлер келгелі біз өнімділікті 70 млн киловатт-сағатқа ұлғайтып, 700 млн-нан аса теңге қосымша табыс таптық. Осының арқасында соңғы 2 жыл бойы қызметкерлеріміздің жалақысын 7%-ға көтердік. Бұрын профицит болған.
Майнингтің арқасында бұл да жойылды. 2020 жылы 350 млн киловатт электр энергиясын өндірдік. Бұған дейін мұндай көрсеткіш болмаған. Біз бұдан салық төлейміз. Майнинг нарығы осылайша басқа да нарықтардың өсуіне мүмкіндік берді. Сондықтан қосымша салық қажет емес деп ойлаймын», – дейді спикер.