ҚР Үкіметі елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдады - Деловая Жизнь Казахстана
kazakhstan 1886788 1280 ҚР Үкіметі елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдады
Редактор 20 апреля, 2021 580 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 50 секунд

ҚР Үкіметі елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдады

«Қазақстан экономикасының жыл басынан бері өсуі бойынша шұғыл деректерді және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды, сондай-ақ әлемдік экономиканың өсу болжамдарын есепке ала отырып, Үкімет Әлеуметтік-экономикалық дамытудың…

«Қазақстан экономикасының жыл басынан бері өсуі бойынша шұғыл деректерді және әлемдік тауар нарығындағы жағдайды, сондай-ақ әлемдік экономиканың өсу болжамдарын есепке ала отырып, Үкімет Әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 жылға арналған болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын қайта қарады. Мысалы, 2021 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі – 3,1 пайыз деңгейінде, мұнай бағасы – бір баррель үшін 50 доллар деңгейінде, ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 425 теңге деңгейінде болжанып отыр. Осыған байланысты республикалық бюджет жобасы Әлеуметтік-экономикалық дамудың нақтыланған болжамын есепке ала отырып қалыптастырылды», – деді Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.
Оның атап өтуінше, 2021 жылға арналған нақтыланған бюджет шығыстарының негізгі бағыттары «Nur Otan» партиясының бағдарламасын және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды қамтамасыз ету болып саналады. «Сонымен қатар бұл шығыстар пандемиямен күрес шараларын қаржыландыруға және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын ынталандыруға бағытталған. Егер сұрақтар болмаса, ұсынылған Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақтыланған болжамын мақұлдауды және бюджетті нақтылау бойынша тиісті заң жобасына және тиісті Жарлық жобасына дауыс беруді ұсынамын», – деді ол.
Үкімет бұл ұсынысты бірауыздан қолдап дауыс берді.