Сатып алу құқығымен берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды - Деловая Жизнь Казахстана
architecture 1517575 1280 Сатып алу құқығымен берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды
Редактор 30 апреля, 2021 574 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 35 секунд

Сатып алу құқығымен берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды

Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй орталығы» хабарлады Бағдарламаға өтінім беру 30 сәуірден 10 мамырға…

Елордада сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының «Тұрғын үй орталығы» хабарлады

Бағдарламаға өтінім беру 30 сәуірден 10 мамырға дейін жалғасады. Азаматтар құжаттарды электронды нұсқада жүктей алады. Баспананы тұрғын үй кезегінде тұрған, сондай-ақ жоба аясында қабылданған белгілі бір салада жұмыс істейтін азаматтар ала алады. Оның ішінде білім беру саласы қызметкерлері, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет, полиция департаменті мамандары, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері құжат тапсыра алады.
Бағдарлама аясында үлестірілетін пәтерлер саны – 297.
Азаматтар ЭЦҚ кілті арқылы qatysu.zhilfond.kz сайтында өтінім бере алады.
Құжаттар тізімі:
1) ЭЦҚ кілті;
2) өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы.
Үміткерлер отбасы құрамына қарамастан кез-келген (1,2,3 бөлмелі) пәтерге үміткер бола алады. Бағдарлама нәтижесі zhilfond.kz және орталықтың әлеуметтік желілерінде жарияланады.