Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы ауысты - Деловая Жизнь Казахстана
Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов
Редактор 16 апреля, 2021 508 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 25 секунд

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы ауысты

Бұған дейін осы лауазымда атқарған Алик Шпекбаев Президенттің жарлығымен қызметінен босатылды ҚР Бас прокурорының бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов мемлекет басшысының жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл…

Бұған дейін осы лауазымда атқарған Алик Шпекбаев Президенттің жарлығымен қызметінен босатылды

ҚР Бас прокурорының бұрынғы орынбасары Марат Ахметжанов мемлекет басшысының жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. «Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын», деп жазылған Мемлекет басшысының сайтында жарияланған Жарлықта. 57 жастағы Марат Ахметжанов 2016 жылдың маусымынан бастап Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған Алик Шпекбаев Президенттің жарлығымен қызметінен босатылды.