Шығын шықпай, кіріс кірмейді немесе ғылымға неге көңіл бөлінбейді? - Деловая Жизнь Казахстана
laboratory 2815641 1920 Шығын шықпай, кіріс кірмейді немесе ғылымға неге көңіл бөлінбейді?
Редактор 06 апреля, 2021 1361 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Шығын шықпай, кіріс кірмейді немесе ғылымға неге көңіл бөлінбейді?

Елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖІӨ-нің 0,12%-ы ғана жұмсалады. Саладағы шығынның жартысына жуығын (48%) мемлекет өтеген Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) ЖІӨ-нің небәрі 0,12%-ы жұмсалған. 2020…

Елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖІӨ-нің 0,12%-ы ғана жұмсалады. Саладағы шығынның жартысына жуығын (48%) мемлекет өтеген

Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) ЖІӨ-нің небәрі 0,12%-ы жұмсалған.
2020 жылы ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығын 85,2 млрд теңге болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға (82,3 млрд теңге) артық. Негізгі шығын 3 аймаққа: Алматы (32,1 млрд теңге (37,6%)),  Нұр-Сұлтан (16,7 млрд теңге (19,7%) және Маңғыстау облысы (10,2 млрд теңге (12%) тиесілі. ЖІӨ-ден ҒЗТКЖ-ға арналған шығындардың үлесі үшінші жыл қатарынан 0,12% болып отыр, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 0,17% болған.
Дүниежүзілік банктің (2018 жылғы) дерегіне сәйкес, әлемде тек дамыған елдер ғана емес, бірқатар дамушы мемлекет те ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің 2- 5%-ын жұмсайды. Көшбасында (ЖІӨ-нің 4,95%-ы), Оңтүстік Корея (4,81%), Швеция (3,34%), Жапония (3,26%) және Австрия (3,17%) тұр. Әлем бойынша ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің орта есеппен 2,27%-ы жұмсалады. Бұл тізімде Қазақстан 72 елдің арасында 66-орынға ие болған. Еліміз Моңғолия, Тәжікстан, Гамбия, Кувейт, Ирак және Мавритания сынды елдердің алдында тұр. 2020 жылы ҒЗТКЖ-ға арналған ҚР ішкі шығындарының басым бөлігі  (46,5%) еңбекақы төлеуге жұмсалған: 39,6 млрд теңге. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артық. Шығынның тағы 13,9%-ы меншікті жобалар үшін қызметтерді сатып алуға (11,8 млрд теңге, плюс 24,1%), 9,9%-ы машиналар, жабдықтар, ғимараттар және тағы басқа негізгі құралдарға (8,5 млрд тг, минус 11,1%) жұмсалған. Шығынның 76,2%-ы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінген, оның ішінде іргелі (12,5 млрд теңге) және қолданбалы (52,4 млрд теңге) зерттеулер бар. Сондай-ақ, шығынның тағы 23,8%-ы тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге тиесілі, оның ішінде жобалау-конструкторлық және технологиялық жұмыстар (18,4 млрд теңге), тәжірибелік үлгілерді, бұйымдар мен өнімдердің партиясын дайындау (1,4 млрд теңге), құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (507 млн теңге). АҚШ, Қытай, Германия, Жапония сынды дамыған елдерде ҒЗТКЖ шығындарының басым бөлігін бизнес қаржыландырады: мұндағы жеке қаржыландыру үлесі 67%-79%. 2020 жылы Қазақстанда ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын ішкі шығындарды қаржыландырудың негізінен республикалық бюджет есебінен жүргізілген: яғни 48% немесе 40,9 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артық.
Еліміздегі инвесторлардың өз қаражаты есебінен қаржыландыру: 43% немесе 36,7 млрд теңге (бір жылда минус 2,8%). Сонымен қатар жергілікті бюджеттен ҒЗТКЖ-ға 485,6 млн теңге, шетелдік қаражаттың үлесі – 2,2 млрд теңге.