Туристік қызметтің жай-күйі - Деловая Жизнь Казахстана
visitalmaty 3457130 1280 Туристік қызметтің жай-күйі
Редактор 08 апреля, 2021 642 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 37 секунд

Туристік қызметтің жай-күйі

Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізілетінін мәлімдеді….

Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізілетінін мәлімдеді. Министр басым туристік аумақ туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ екенін айтты.
«Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдік  және қазақстандықтарды елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған», – деді министр.  Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, қолданысқа шетелдік туристерден  туристік алым жүйесі енгізіледі.  «Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықта аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көзін табу мақсатында шетелдік туристерге туристік алым енгізу әрі осы алым бойынша операторларды анықтау жоспарланып отыр. Туристік алым мөлшерлемесін мәслихат, ал төлеу тәртібін үкімет бекітеді», – деді Ақтоты Райымқұлова.