Заңсыз алтын қазғандарға жауапкершілік күшейтіледі - Деловая Жизнь Казахстана
top view gunny sack with gold ore e1622646531972 Заңсыз алтын қазғандарға жауапкершілік күшейтіледі
Редактор 02 июня, 2021 625 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 27 секунд

Заңсыз алтын қазғандарға жауапкершілік күшейтіледі

Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланып жатыр «Қауіпті өндірістік нысандарға заңсыз кіруге және құрамында алтын бар кендерді заңсыз өндіруге байланысты проблема…

Мәжілісте әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланып жатыр

«Қауіпті өндірістік нысандарға заңсыз кіруге және құрамында алтын бар кендерді заңсыз өндіруге байланысты проблема көп. Бұл мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді. Осының салдарынан мемлекет пен бизнестің экономикасы зардап шегіп, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріліп жатыр»,– дейді заң жобасын бірінші оқылымда қорғаған Мәжіліс депутаты Гүлнар Бижанова бүгінгі отырыста.
Оның айтуынша, осы проблемаға байланысты депутаттар күзетілетін нысанға заңсыз кіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуге бастама жасап отыр. «Осыған байланысты Кодекстің 506-бабының диспозициясына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ара-жігін ажырату үшін нақтылау енгіз керек»,– деді ол.