Зейнетақы өспейді! - Деловая Жизнь Казахстана
tenge Зейнетақы өспейді!
Фото: ehonews.kz
Редактор 10 апреля, 2021 132 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 32 секунды

Зейнетақы өспейді!

Әлеуметтік желілерде мамыр айында зейнеткерлердің 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы ақпарат тарап жатыр Желідегі мәліметке сүйенсек, тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған….

Әлеуметтік желілерде мамыр айында зейнеткерлердің 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы ақпарат тарап жатыр

Желідегі мәліметке сүйенсек, тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде жаңадан үстемеақы төленетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған. Қазіргі кезде зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақы», – деп түсіндірді ведомстводан. Еңбек министрлігі фейк хабарламаларға назар аудармауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады. Сондай-ақ, ведомство жалған ақпарат таратқан адам заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.