Жалпыға бірдей салықтық декларация: Алдағы 5 жылда кімдер міндеттеледі? - Деловая Жизнь Казахстана
money 256312 1280 Жалпыға бірдей салықтық декларация: Алдағы 5 жылда кімдер міндеттеледі?
Редактор 27 апреля, 2021 676 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 56 секунд

Жалпыға бірдей салықтық декларация: Алдағы 5 жылда кімдер міндеттеледі?

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы 5 жылда жалпыға бірдей салықтық декларация тапсыратын санаттарды айтып берді «Биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға…

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев алдағы 5 жылда жалпыға бірдей салықтық декларация тапсыратын санаттарды айтып берді

«Биыл 1 қаңтардан бастап декларацияны мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады», – деп атап өтті министр Үкімет отырысында. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін декларациялау енгізіледі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — азаматтардың қалған барлық санаттары тапсырады. «Азаматтарға арналған үкімет» МК инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, салықтық декларацияны қағаз түрінде халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік кірістер органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады. Корпорацияның фронт-офистері «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған.
Халыққа ыңғайлы болу үшін декларация тапсыруға электрондық қызметтер – салық төлеуші кабинеті, «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы бар. Тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуға онлайн өтінім бере алады, ал «Салық төлеушінің кабинетіне» смс-код арқылы ЭЦҚ-сыз кіруге болады», — деп түсіндірді Е. Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, қабылданған шаралар жеке тұлғалардың салық декларацияларын қабылдауды уақытылы ұйымдастыруға көмектеседі.
Айта кетейік, жалпыға бірдей декларациялау шарасы табыс салығын азайтуға мүмкіндік береді.