Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзартылмайды - Деловая Жизнь Казахстана
straw bales 726977 1280 Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзартылмайды
Редактор 29 апреля, 2021 672 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 39 секунд

Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзартылмайды

Шетелдік қатысуы бар 7 заңды тұлға ауыл шаруашылығы мақсатындағы 74,4 мың гектар жерді жалға алып отыр Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты. Министрдің…

Шетелдік қатысуы бар 7 заңды тұлға ауыл шаруашылығы мақсатындағы 74,4 мың гектар жерді жалға алып отыр

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
Министрдің мәлімдеуінше, 1 кәсіпорын Жамбыл облысынан ауданы 5,9 мың,  1 кәсіпорын Павлодар облысынан ауданы 32,2 мың, 1 кәсіпорын Атырау облысынан ауданы 1,6 мың, 4 кәсіпорын Ақмола облысында ауаны 34,7 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға алып, пайдаланып отыр.
«Ел аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде екі шетелдік компания жұмыс істейді. Оның бірі Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың, екіншісі Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапты игеріп жатыр», – деді Сапархан Омаров.
Министр жалға алынған жерлер мемлекетке қайтарылатынын атап өтті.  «Бұл жерлер жалға мораторий енгізілгенге дейін берілді.
Шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерін жалдау мерзімі 2022 және 2025 жылдары аяқталады. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жалға беру рәсімі жаңа мерзімге ұзартылмайды», – деді министр.