Кәсіпкерлікпен айналысқым келеді, бірақ неден бастауды білмеймін? Қайдан кеңес ала аламын? Кеңес қанша тұрады? Ал бизнес-жоспарды әзірлеу ше? Қандай құжаттарым болуы керек? Грантқа өтінім беру…
- Кәсіпкерлікпен айналысқым келеді, бірақ неден бастауды білмеймін?
- Қайдан кеңес ала аламын?
- Кеңес қанша тұрады?
- Ал бизнес-жоспарды әзірлеу ше?
- Қандай құжаттарым болуы керек?
- Грантқа өтінім беру үшін не қажет?
- Несие алу үшін ЖШС немесе ЖК ашу міндетті ме?
- Жеңілдетілген бағдарламалар бойынша несиелер қандай пайызбен беріледі?
- Кепілдікті қамтамасыз етуге қандай талаптар қойылады?
- Бизнес-жоспарды әзірлеу қанша уақыт алады?
- Жобаны қаржыландыру қанша уақыт алады?
- Жеңілдікті бағдарламалар бойынша несие беруден бас тартқан жағдайда не істеуім керек?
Осы және өзге де сұрақтар мазалап жүрген болса, пандемияда үйде отырмай, пайдалы кәсіп бастаудың жолын қарастырып жүрсеңіз, Алматыдағы Qolday орталығына жүгінсеңіз болады. Кәсіпкерлер үшін көрсетілетін қызметтер ақысыз, яғни тегін. Ең басты артықшылық осы.
Орталықта көрсетілетін қызметтер:
✓ Оқыту
✓ Бизнес жоспарды әзірлеу
✓ Гранттар алу
✓ Инвесторларды қолдау
✓ Құжаттарды алу
✓ Қолдау
Осы уақытқа дейін орталықта 65 жоба 41,9 млрд теңгеге қаржыландырылғанға дейін сүйемелденді; 580 кәсіпкер рұқсат құжаттарын рәсімдеді; 500-ге жуық бизнес жоспар әзірленді; 7517 кәсіпкер оқып, білім алып шықты.
Сәтті кәсіп бастаушылардың мысалдары да көңілге демеу болады екен. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант туралы Гүлбану өткен жылы Түрксіб ауданының “Бақытты отбасы” орталығында білген. Сол жылы ол «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында бірнеше оқу курсынан өтті, онда оған 2-ден 5 млн теңгеге дейін өтеусіз гранттар алу шарттары бойынша кеңес берілді.
«Qoldaý» – да мен көптеген пайдалы ақпаратты білдім. Орталық қызметкерлері бизнес-жоспарды тегін жасауға көмектесті. Мұндай қолдау қызметтері мен сияқты көпбалалы аналар үшін бизнесте үлкен мүмкіндіктер ашады”, – дейді Гүлбану Дәуренбекқызы.
Көпбалалы ана глютенсіз нан өнімдерін шығарады. «Қазіргі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде аллергиямен ауыратындар саны артып келеді. Сонымен қатар, қант диабеті, аутоиммундық аурулары бар адамдарға глютенсіз диета ұсынылады. Глютенсіз өнімдердің басым бөлігі біздің елге Италия мен Ресейден әкелінеді. Сондықтан мен глютенсіз өндіріс саласында өз бизнесімді ашуды ұйғардым.» – дейді Гүлбану.
Проктолог-дәрігер Даулетхан Момбеков өтеусіз грантқа ие болып, проктологиялық ауруларды емдеудің инновациялық, әдісін енгізді.
Нағыз медицина қызметкерлерінің борышы,міндеті – адамдарға денсаулық сыйлау. Доктор Даулетхан Ертемірұлы емдеудің әртүрлі әдістерін қарастырып, олардың қайсысы жақсы екенін таңдап, лазерді қолдану әдістемесін қолданатын ресейлік әріптестерінің тәжірибесі туралы кездейсоқ, білді.
«Qolday» кәсіпкерлік орталығы туралы мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы арқылы білдім, онда олар бизнес идеяларды қолдайтынын айтты. Әрі қарай «Qolday» кәсіпкерлік орталығына жүгініп консультация алдым. Маған бизнес жоспар құруға көмектесті, барлық қажетті құжаттарды жинап, өтінімді комиссияның қарауына жібердім. Жоба мақұлдаған соң, маған 3 млн тенге бөлінді. Алынған қаражатқа Беларусь елінің Минск қаласында Mediola Compact медициналық аппаратын сатып алдық.» – дейді Даулетхан Ертемірұлы.
Қазір Даулетхан Ертемірұлы емдеумен жаңа технологияларды қолдана отырып айналысады.
Әлия «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Мұрагер» көпсалалы этно-мәдени білім орталығын ашуға 2 миллион теңге көлемінде өтеусіз грант алды. Жобаның жаңашылдығы – 4 көпвекторлы зерттеу бағыты болып табылады. Бірінші бағыт – балаларды қазақтың халық музыкалық аспаптарында (домбыра, қобыз, шаң қобыз, сазсырнай, жетіген) нотасыз ойнауға үйрету, екіншісі – туризм: 16-18 жас аралығындағы балаларға кәсіптік бағдар беруді дамыту, яғни мамандықты үйрету. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы бойынша гидтің және оларды одан әрі туристік агенттіктерге жұмысқа орналастырудың үшінші бағыты – қолданбалы өнер: ағаш өңдеу, ұлттық нақышта кесте тігу. Соңғы бағыт – бүркітшінің дәстүрлі кәсібін жандандыру, яғни кішкентай балалар тобын құрып, оларға шатырлы лагерьде тауда бүркітші мамандығын үйрету. Этно-мәдени білім беру орталығын ашудың мақсаты болашақ ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және оқыту.
«2020 жылдың 30 желтоқсанында біз ресми түрде грантты алдық. Қазіргі уақытта кеңседе жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба бойынша қазірдің өзінде 5 жұмыс орны құрылды. Алынған қаражат музыкалық аспаптарды: домбыра, қобыз, шаң қобыз, сазсырнай, жетіген, сондай-ақ тігін машинасы мен ағаш өңдеу машинасын сатып алуға жұмсалады. Болашақта мен ағаштан көркем бұйымдар жасайтын, сол арқылы қосымша жұмыс орнын құратын шеберді тартқым келеді. Кәсіптің дамуы арқылы, біз өзіміздің үй-жайымызды сатып ала аламыз деп үміттенемін», – деп бөлісті кәсіпкер.
Көше аяқ киімін өндіруге арналған жабдықты сатып алуға Алматы ШОБ мемлекеттік қолдау аясында KIIZO @kiizo.kz тауар белгісімен «Qaz Artis Centrum» ЖШС 2 млн теңгені алды.
Мемлекеттен грант алудан бұрын компания директоры Тоғжан Құттұғаева бірден бизнесті қолдау бойынша бірнеше институтта оқыды: Damu, Атамекен ҰКП (Бизнес Бастау, Бизнес-кеңесші), сондай-ақ өтеусіз грант алу конкурсына қатысу үшін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында бизнес-жоспар әзірлеуге көмек алды.
«2020 жыл ішінде мен білімімді жетілдірдім, бизнесім өсті, Мен үнемі даму үшін жаңа ақпаратты іздедім, ал бұл үлкен жұмыс. Үшінші талпыныстан бастап өтеусіз гранттар конкурсына мен жабдықтар сатып алуға 2 млн теңге алдым, – дейді Тоғжан.
– Бізді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі де қолдады, маған әлеуметтік жобам үшін жеңілдік шарттарымен үй-жай берілді. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға мүдделіміз, бұл әсіресе пандемия кезеңінде маңызды, өйткені біздің құтқарылуымыз – біздің қолымызда. Бастапқыда 10 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмын, оның ішінде көп балалы аналарды, аз қамтылған отбасыларды, мүгедек адамдарды шақырамыз».
Көше аяқ киімін шығару жобасын жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Компанияның тауарлар желісінде 2019 жылдың жазынан бастап үй аяқ киімі, киім, бас киімдер, аксессуарлар, сувенирлер, палантиндер, шарфтар, әшекейлер, брошьтар шығарылады.
Көше аяқ киімдерінің ішінде кроссовкалар, мокасиндер, балет, бәтеңке және басқа да түрлерін шығару жоспарлануда. Материал-киіз, өсімдік материалдары, шынайы былғары, жасанды, резеңке. «Біз Оңтүстік өңіріміздегі ауа райы жағдайына байланысты киізден жасалған аяқ киім де өзекті болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
– Пандемия біздің бизнес үшін үлкен рөл атқарды, өйткені шекара жабылғаннан кейін импортталған тауарлар кідіріңкілеп қалды, және біздің тұтынушылар отандық өндірушілерге назар аударды. Мемлекетімізге, сондай-ақ біздің достарымызға, жақындарымызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Қазір нарықта бедел табу, бізде сапалы тауар бар екенін дәлелдеу маңызды».
Компанияның өнімдері және илеу қолмен жасалады, жабдық өндіріс процесін тездетуге көмектеседі.
Мұндай мысалдар өте көп, оларды біріктіретін басты қағида: таза ниет пен кәсіпке деген адалдық, табандылық пен төзім. Және, әрине Qolday тарапынан қолдау.
Алматы қаласында кәсіпкерлік субъектілерді және кәсіпкерлік бастамасымен халықты қолдау және дамытумен байланысты барлық сұрақтар бойынша құзірет орталығы болуды мақсат еткен Qolday орталығы туралы толығырақ сілтемелерден біле аласыз: https://almatybusiness.gov.kz
Instagram.com/qolday.kz
Баян Бақкелді