Алматы тұрғыны жеке бизнесін ашуға 500 000 теңгелік грант ұтып алды - Деловая Жизнь Казахстана
kasipker ana Алматы тұрғыны жеке бизнесін ашуға 500 000 теңгелік грант ұтып алды
Фото: Facebook @amwaytodaykz
Редактор 26 марта, 2021 639 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Алматы тұрғыны жеке бизнесін ашуға 500 000 теңгелік грант ұтып алды

«Кәсіпкер – ана» әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатымен ұйымдастырылған білім беру бағдарламасы сынама маусымының финалы өткізілді. Бағдарламаның Қазақстандағы ұйымдастырушылары Amway қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер…

«Кәсіпкер – ана» әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатымен ұйымдастырылған білім беру бағдарламасы сынама маусымының финалы өткізілді.

Бағдарламаның Қазақстандағы ұйымдастырушылары Amway қайырымдылық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер Қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және «Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы» қауымдастығы.
Бірінші маусымға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары, көп балалы және асырап алушы аналар шақырылды. Қатысу үшін осы санаттарға кіретін кәмелетке толмаған балалардың аналары өздерінің бизнес-идеяларын сипаттауы керек еді. Бағдарламаға қатысуға барлығы 521 өтінім келіп түсті, бір орынға 20 адам үміткер болды. Идеялардың дені тігін және тамақ өндірісі, ересектер мен балаларға қосымша білім беру саласындағы жобалар.
Карантиндік шектеулерге байланысты тренинг онлайн форматта ұйымдастырылды, бұл ірі қалалардың тұрғындарына ғана емес, шалғай елді мекендерде тұратын аналарға да тегін оқуға мүмкіндік берді. Он төрт күн бойы қатысушылар өнімді құру және маркетинг негіздерін, қаржылық және салықтық сауаттылықтың қыр-сырын зерттеп, жеке бизнес-жоспар құру бойынша жұмыс істеді және аймақтың бизнес-сарапшыларынан жобаларды таныстыру дағдыларын үйренді.
Жеңімпазды таңдау қиынға соқты – финалға өте мықты және ерекше бизнес-жобалар шықты: жеуге жарамды гүл шоқтарын, Крафт ірімшігін, трикотаж киімдерін, торттарды және әлеуметтік тақырыптарға подкасттарды өндіру, шағын кондитерлік дүкендер, қазақ тілді халықты ағылшын тіліне оқытуға арналған сайт, шетелдіктерді орыс тіліне онлайн оқыту және тағы басқалар.
Бизнес-жобалар байқауында бірінші орынды мектеп жасына дейінгі және денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған фетр мен матадан жасалған әдістемелік құралдарды өндіруді жоспарлаған «Алақай» жобасымен Жерембаева Айнұр ұтып алды. Ол байқаудың басты сыйлығын – 500 000 теңге көлемінде өз жобасын іске асыруға грантты иеленді.
Айнұрдың қуанышында шек жоқ: «Бұл жобаны мен көптен бері ойға алғанмын. Өзім дефектологпын, Алматының сөйлеу дағдыларын түзету орталығындағы мишық стимуляциясы бойынша маманмын. Ұсақ моториканы дамытуға және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін арнайы құралдардың қаншалықты қажет екенін басқалардан артық білемін. Соңғы бірнеше жыл ішінде мен барлық дүкендер мен интернет — сайттардан қажетті құралдарды іздедім. Тиісті құралдарды таппай, 1,5 жастан асқан балаларға көмектесетін өз өнімімді жасау ойы пайда болды. Әріптестерім «Кәсіпкер-ана» жобасы туралы айтты, өтінімімді тіркедім. Жобаның арқасында қолмен жасаған құралдарымды енді оларға мұқтаж барлық балалар үшін өндіруге мүмкіндік алдым. Жеңісіме өте қуаныштымын. Алған білімім мен грант маған осы идеяны іске асыруға көмектесетіні сөзсіз. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз».
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі білім беру бағдарламасы кәмелетке толмаған балалар мен декреттік демалыстағы аналарға арналған. Оларға өз бизнесін бастап, отбасына қамқорлық көрсету мен кәсіби тұлғалық дамуды қатар алып жүруді үйренуге көмектеседі. Бағдарламаның Ресейде 8 жылдық тарихы бар және бүгінгі таңда ол Ресей Федерациясының 69 аймағында жүзеге асырылуда.
Ұйымдастырушылар «Кәсіпкер-ана» бағдарламасының бір орында тұрмай, үздіксіз дамитынын, алда үлкен жоспарлары барын жеткізді. Күрделі кезеңде халықаралық деңгейге шыққан бағдарламаның болашағы жарқын көрінеді.
Баян Бақкелді