26 сәуірде «Ashyq» пилоттық жобасы жұмысын тоқтатып, содан кейін жоба барлық өңірге таратылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысы хабарлайды Әзірге Нұр-Сұлтан,…
26 сәуірде «Ashyq» пилоттық жобасы жұмысын тоқтатып, содан кейін жоба барлық өңірге таратылады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысы хабарлайды
Әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан бөлек, жобаға Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалалары қосылды. Мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін қабылданды.
«ASHYQ жобасын жаппай тарату – бизнестің міндеті ғана емес. Үкімет алдында жүйені кеңейту және белсенді енгізу міндеті тұр. Сонымен қатар сәйкес нормативтік базаны құру маңызды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 cәуірде.
Жобаны Қазақстан ауқымында тарату айдың соңына жоспарланған.
«2021 жылғы 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру аяқталсын және Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жоба таратылсын», – деп жазылған құжатта.
Нұр-Сұлтан қаласында жоба 35 кәсіпкерлік субъектісін біріктірді, Алматы қаласында – 302 нысан, Қарағанды қаласында – 15 нысанды біріктірді, олардың қатарында фитнес клубтар, спа-орталықтары, сауналар, бассейндер, компьютер және боулинг клубтары бар. Бұдан бөлек, жуық арада жоба қызметтің тағы 9 түрімен толығады.
14 сәуірден бастап пилоттық жобаға кинотеатрлар және қоғамдық тамақтану (банкет залдары, асхана, фаст-фуд және стрит-фудтар түріндегі нысандардан бөлек) нысандары, театрлар, филармониялар және ерікті қатысушылар қосылады. Ал 21 сәуірден бастап – облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) жолаушылар тасымалы, бильярд клубтары мен концерт залдары. 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына караоке және банкет залдары қосылады.
Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алу ережесі өзгереді. Бизнес иелеріне QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру керек. Жоба талаптарына (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкестікті тексерген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен жұмыс істеуді үйрену және сынақ режиімнде 1 апта бойы жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Қоғамдық тамақтану және кинотеатрлардың иелеріне өтінішті алдымен салалық қауымдастыққа беріп, кейін infokazakhstan.kz сайтынан qr-кодты алу қажет.
Анықтама үшін:
«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.
«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.
«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.
«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.
«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.
Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код беріледі.
Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа елдерде де қолданылуда.