Ауылда баспана салған жұмыс берушілерге шығынның 50 проценті төленеді - Деловая Жизнь Казахстана
financing 3536755 1280 Ауылда баспана салған жұмыс берушілерге шығынның 50 проценті төленеді
Редактор 15 апреля, 2021 620 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 28 секунд

Ауылда баспана салған жұмыс берушілерге шығынның 50 проценті төленеді

Елімізде ауыл қызметкерлері үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50 процентін субсидиялай отырып, ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу жоспарлануда Индустрия және инфрақұрылымдық…

Елімізде ауыл қызметкерлері үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50 процентін субсидиялай отырып, ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу жоспарлануда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылда салынатын үйлердің құрылыс шығындарын өтеу тәртібі жайлы айтты.
Оның айтуынша, ауылда тұрғын үй салу жобасы ұсынылды. Ауылда жұмыс істейтін мамандар үшін жұмыс беруші шығындардың 50 процентін төлейді.
«Ең алдымен жұмыс беруші ауылға қажетті мамандардың тізімін әкімшілікке ұсынады. Әкімдік тарапынан мамандар тізімі қаралып, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданады. Нәтижесінде, рұқсат алынғаннан кейін тұрғын үй салуға болады. Ал мемлекет тарапынан шығынның 50 проценті төленеді», — деді Қайырбек Өскенбаев.