«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады? - Деловая Жизнь Казахстана
ashyk «Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?
Редактор 27 апреля, 2021 452 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 34 секунды

«Ashyq» жобасын қанша қазақстандық қолданады?

«Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты «Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы…

«Ashyq» жобасын 378 мыңнан астам қазақстандық қолдана бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты

«Шектеу іс-шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді орнату мақсатында «Атамекен» ҰКП Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірлесіп, 2021 жылдың қаңтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша ілкі жобаны жүзеге асыруды бастады. 26 сәуірден жоба бүкіл ел бойынша таратылуда», – деді министр.
Оның атап өтуінше, бүгінде «Ashyq» жобасы фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, бассейндерде, боулинг, бильярд және компьютер клубтарында, кинотеатрларда, театрларда, концерт залдарында, қоғамдық тамақтану орындарында, облысаралық, қалааралық тұрақты емес жолаушылар тасымалында қолданылады.
«27 сәуірдегі мәліметке сәйкес, жоба қатысушыларының жалпы саны – 1658, ал қосымшаны қолданушылар 378 мыңнан астам адамды құрайд», – деді Алексей Цой.