«Астана LRT» ісі: прокурор айыпталушыларға 11 жылға дейін жаза беруді сұрады - Деловая Жизнь Казахстана
2021 01 29 0bcbdfe9136d1c98cfcba392ea002bd8 «Астана LRT» ісі: прокурор айыпталушыларға 11 жылға дейін жаза беруді сұрады
Фото: egemen.kz
Редактор 17 мая, 2021 602 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

«Астана LRT» ісі: прокурор айыпталушыларға 11 жылға дейін жаза беруді сұрады

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта прокурор «Astana LRT» құрылысына қатысы бар айыпталушыларға 7-11 жыл аралығында жаза беруді сұрады Сотта Диас Янгалышев айыпталушыларға 11…

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта прокурор «Astana LRT» құрылысына қатысы бар айыпталушыларға 7-11 жыл аралығында жаза беруді сұрады

Сотта Диас Янгалышев айыпталушыларға 11 жылға дейін жаза беру сұрады. Алдымен ол Рашид Аманжолов пен Жанат Нұрпейісовтің ісіне қатысты мән-жайды ауырлататын дерек барын жеткізді. Прокурордың пікірінше, олар қылмыс жасаған және антты бұзған. Диас Янгалышев елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжоловқа 11 жыл бас бостандығынан айыруды, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салуды, жазасын қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеуді сұрады. Сонымен қатар прокурор Нұр-Сұлтан мәслихатының экс-депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісовтің мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік ұйымдарда 5 жыл лауазымды қызмет атқаруға тыйым салуды, 9 жыл бас бостандығынан айыруды, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеуді талап етіп, «Құрмет» орденінен айыруды сұрады.
«Astana Innovations» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшімге 11 жыл бас бостандығынан айыру және жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтеу сұралды. Сондай-ақ Диас Янгалышев «Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген кәсіпорындардың қызметкерлеріне 7-11 жыл жыл аралығында жаза беруді сұрады.  «Ұлықбек Ачиловтің мүлкі тәркіленіп, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтесін. Тимур Қасабаевты 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтесін. Дулат Мусеновті 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтесін, мүлкі тәркіленсін. Дәурен Әбдіхамитовті 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын, жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтесін, мүлкі тәркіленсін», – деді прокурор.
Диас Янгалышев «Астана LRT» компаниясының 5 млрд теңге көлеміндегі келген мүліктік зиянды үлестік тәртіппен қанағаттандыруды, айыпталушылардан 4 млн теңге көлеміндегі процестік шығындарды өндіріп алуды сұрады. Айта кетейік, 2020 жылдың 29 қазанында елордада LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталған еді.
Сот алдында 7 адам жауап беріп жатыр: жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов, «Astana Innovations» АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.   Сондай-ақ елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Astana LRT» ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде.
Тергеу материалдарына сәйкес, Қанат Сұлтанбеков пен Талғат Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 млрд теңгеге артық көрсеткен.
Қазіргі таңда қылмыстық топ мүшелері 5,8 млрд теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Істі судья Қажымұқан Мекемтас жүргізіп жатыр.