«Атамекен» ҰКП отандық кәсіпорындарды еуропалық одақтың экспорттаушылар жүйесінде тіркеуді бастады - Деловая Жизнь Казахстана
361597306037 e1621415106844 «Атамекен» ҰКП отандық кәсіпорындарды еуропалық одақтың экспорттаушылар жүйесінде тіркеуді бастады
Редактор 19 мая, 2021 521 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 58 секунд

«Атамекен» ҰКП отандық кәсіпорындарды еуропалық одақтың экспорттаушылар жүйесінде тіркеуді бастады

2021 жылдың 1 мамырынан бастап Швейцария мен Норвегияға өнім экспорттауда кірмелі кеден баждары ставкаларын төмендету үшін Еуроодақ экспорттаушылар жүйесінен (REX жүйесі) тіркеу нөмірін алу қажет…

2021 жылдың 1 мамырынан бастап Швейцария мен Норвегияға өнім экспорттауда кірмелі кеден баждары ставкаларын төмендету үшін Еуроодақ экспорттаушылар жүйесінен (REX жүйесі) тіркеу нөмірін алу қажет

REX жүйесінде тіркелу шектеусіз мерзімге бір рет жүзеге асырылады, REX-нөмірді алған соң экспорттаушы оны инвойста белгілеп қояды, бұдан кейін тауардың әр партиясына сертификат алу талап етілмейді.
«Кәсіпорындарға Швейцария мен Норвегияға өнім экспорттауда әр партия сайын «А» формасындағы сертификат алу үшін «Атамекен» ҰКП-ға жүгіну қажет етілмейді, шот-фактурада немесе басқа коммерциялық құжатта өз бетінше тауардың шығу тегі туралы өтінімді толтыру үшін бір рет REX-нөмірін алу жеткілікті», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Арман Мәмбетаев.
Айта кету керек, құны 6000 еуроға дейінгі тауар экспортына жеңілдікті алу үшін REX жүйесінде тіркелу талап етілмейді, тауардың шығі тегі туралы декларациясымен расталады (шот-фактурада немесе басқа да коммерциялық құжатта жасалған тауардың шығу туралы мәлімдеме).
REX жүйесінде тіркелу тәртібі ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №244-НҚ бұйрығымен белгіленген.
REX жүйесінде тіркелу үшін экспорттаушыларға өз қаласындағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну керек. Экспорттаушыларға ыңғайлы болу үшін REX жүйесінде тіркелуге қажетті құжаттар топтамасы «А» формасындағы сертификатты алуда сұралатын құжаттардан тұрады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 1 мамырына дейінгі аралықта 69 экспорттаушы Швейцария мен Норвегияға өнім экспорттау үшін «А» формасында 864 сертификат алған.