Атырау азық-түлігі қымбат өңірлердің көшін бастады - Деловая Жизнь Казахстана
97152269 2694104230837038 6613412161109321391 n Атырау азық-түлігі қымбат өңірлердің көшін бастады
Фото: @ideal_supermarket
Редактор 19 мая, 2021 434 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Атырау азық-түлігі қымбат өңірлердің көшін бастады

Өңірдің тұрақтандыру қорындағы көкөніс сәуір айында таусылған.  Атырау облысы азық-түлік бағасының қымбаттауы жағынан республика бойынша бірінші орынға шықты. Егер еліміз бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы…

Өңірдің тұрақтандыру қорындағы көкөніс сәуір айында таусылған.  Атырау облысы азық-түлік бағасының қымбаттауы жағынан республика бойынша бірінші орынға шықты. Егер еліміз бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы орта есеппен 4,8 пайызға қымбаттаса, мұнайлы өңірде бұл көрсеткіш 6,8 пайыз.

Сауда және интеграция министрлігінің ашық дерек көздеріндегі мәлімет бойынша, 4 мамыр күні көпшілік тұтынатын азық-түлік бағасының 4,8 пайызға өскені тіркелген. Оның ішінде, тек сәуір айында ғана тағам құны бірден 1,7 пайызға көтерілген.
Азық-түлік бағасының өсуі, әсіресе, Атырау (6,8 пайыз), Нұр-Сұлтан (6,3 пайыз), Шымкент (5,6 пайыз) қалаларында байқалған. Дәл қазір атыраулықтар үшін күнделікті ішіп-жейтін ас-суының қымбатқа түсетіні тың жаңалық емес. Дегенмен, жергілікті әкімдік пен «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арасындағы келісімшартқа сәйкес, халыққа нарықтық құнынан 10-15 пайыз арзан бағамен ұсынылатын тұрақтандыру қорының өнімдері бар. Олар супермаркеттер мен қаладағы ірі сауда орталықтарында сатылады. Базарлардағы төмен бағамен тағам өнімдерін сататын нүктелердің алды ұзын-сонар кезектен арылмайтыны үйреншікті жайға арналған.
«Биыл «Идеал Маркет» ЖШС-мен келісімшарт жасалып, оларға 400 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Қазіргі күні Жылыой, Индер аудандарын қосқанда, 36 супермаркетте әлеуметтік азық-түлік бағасы нарықтағыдан төмен бағамен сатылуда. Сондай-ақ, «Агрофеликс» шаруа қожалығы әкімдік белгілеген шекті бағада көкөніс өнімдерін ұсынады», – дейді «Атырау» ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің менеджері Азамат Айтпаев. Нақтылай кетсек, «Идеал Маркет» ЖШС супермаркеттер желісінде еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне енген сүт, ет,май, жұмыртқа, күріш, ұн сияқты 19 түрлі азық-түліктің 14 түрі сатылады. Ал аталған шаруа қожалығы көкөністің картоп, капуста, сәбіз, пияз сынды төрт түрін арзан бағада ұсынады.
Өкінішке қарай, тұрақтандыру қорында сақталған 605 тонна көкөніс өнімі сәуір айының ортасында-ақ түгелдей сатылып кетіпті. Өз кезегінде бұл да азық-түліктің өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Сондай-ақ, Азамат Айтпаевтың айтуынша, биыл халық тарапынан 1 сортты ұнға сұраныс артқан. Сол себепті, сұранысты қанағаттандыру және нан бағасын ұстап тұру үшін «Идеал Маркет» серіктестігіне сату және наубайханаларында нан өнімдерін шығару үшін 155 млн теңгеге несие беріліп, оған 1000 тонна астық алынған. ҚР Ұлттық статистика агенттігі сайтында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Атырау облысындағы орташа айлық жалақы көлемі 405,8 мың теңге, ал жан басына шаққандағы кіріс 230 829 теңге деп көрсетілген.
Республикалық көрсеткіштен артық саналатын бұл мәліметтерді жергілікті жұртшылық мойындай бермейді. Десек те, соңғы жылдары облыста әр тұрғынға шаққандағы номиналды кірістің Атырау өңірінде төмендей бастағаны байқалыпты, мәселен, биыл адам басына шаққандағы кіріс 3,3 пайызға азайған, күнделікті көзіміз көріп отырған жағдаймен салыстыра қарасақ, бұл дерекпен келісуге болады.


x

Опрос среди предпринимателей и бизнесменов в рамках проекта РНФ «Деловая жизнь Казахстана».

Вотируйте за улучшение налоговой системы и других реформ в защиту бизнеса. Также, у вас есть возможность выдвинуть свои аргументы.

    1

    Тема: Создание надзорной комиссии над рабочими группами.

    Ким Екатерина Николаевна
    Председатель правления ОЮЛ «Ассоциация налоги Казахстана»

    Документ


    2

    Тема: Сервисное Государство. Сервисные гос.органы

    Барышев Максим Анатольевич
    Основатель группы компаний Учёт.kz

    Документ


    3

    Тема: Соблюдение принципа добросовестности налогоплательщиков в ходе налогового администрирования

    Карин Сакен Абуханович
    Председатель Правления ОИПиЮЛ, "Казахстанская ассоциация налоговых консультантов"

    Документ


    4

    Тема: Убрать Запрет на вычет убытков по иностранным ценным бумагам против доходов по иностранным

    Масатбаев Айдар Оралжанович
    Управляющий партнер юридической фирмы «Salyqtez» LLM Tax USA

    Документ


    5

    Тема: Администрирование по НДС

    Камеральный контроль

    Сазанбаева Екатерина Геннадьевна
    Аудитор РК

    Документ


    6

    Тема: Камеральный контроль, ошибочные уведомления, методичка.

    Тюлекбаева Татьяна Валентиновна
    Аудитор РК

    Документ


    7

    Тема: ИП, первичная документация, административная ответственность

    Есжанова Гульнур Изатбековна
    Профессиональный бухгалтер РК

    Документ


    8

    Тема: Несвоевременная постановка на регистрационный учет по НДС
    Отсутствие нормы о сроках ознакомления с документами, представленными НП в рамках исполнения уведомлений КК, и признании уведомления исполненным

    Марченко Оксана Владимировна
    Аудитор РК

    Документ


    9

    Тема: Единый аграрный налог

    Бактибаев Максут Бахтжанович
    Член правления ОИПЮЛ Мясной союз Казахстана

    Документ


    10

    Тема: Судебная практика разрешения налоговых споров

    Исмаилова Шолпан Валихановна
    Адвокат АГКА

    Документ


    11

    Тема: Улучшение работы ОСИ
    ОСИ- объединения собственников имущества

    Манарбек Абенов
    ТОО «Pater Services»

    Документ


    12

    Тема: Застой в сфере общепита и пути решения. Розничный налог

    Нурпеисова Вероника
    Советник председателя АОП РК

    Документ


    13

    Тема: Образование фундаментальная основа бизнеса

    Аубакиров Курмет Аубакирович
    Основатель компании IBC Group
    Бизнес-тренер РК

    Документ


    14

    Тема: Экономический рост РК

    Демидов Роман Владимирович
    Бизнесмен, инвестор

    Документ


    15

    Тема: Сервисное государство

    Коломин Михаил Петрович
    Управляющий проектом ИС «Параграф Юрист»
    Генеральный Директор ТОО «Компания «ЮрИнфо» собственник СИ ZAKON.KZ

    Документ