Қауіпті өндірістегі апатты азайтуға бағытталған арнайы жол картасы әзірленеді - Деловая Жизнь Казахстана
industrial-supervisor-manager-with-hygienic-mask-talking-with-worker-production-factory
Редактор 15 июня, 2021 767 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Қауіпті өндірістегі апатты азайтуға бағытталған арнайы жол картасы әзірленеді

Жауапты органдарға тиісті тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин берді «Еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманға сай тәсілдеріне сүйенуі тиіс. Өндірістік…

Жауапты органдарға тиісті тапсырманы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин берді

«Еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманға сай тәсілдеріне сүйенуі тиіс. Өндірістік кәсіпорындарда халықаралық «Vizion Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет. Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс», — деді Асқар Мамин.
Премьер-министр халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби қатерді бағалау және басқару жүйесін енгізу қажеттігін айтады. Ол үшін барлық құрал мен қажетті ресурс бар.  «Бүгін біз Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулы қабылдаймыз. Оны іске асыру нәтижесінде жазатайым оқиғалардың жиілігі коэффициентінің азаюы, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар үлесінің азаюы күтіледі. Қазірдің өзінде Қостанай және Павлодар облыстарында өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы бойынша оң динамика байқалып отыр. Басқа өңірлер осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс, тау-кен металлургия кешендері мен құрылыс саласындағы кәсіпорындарда ерекше көңіл бөлу қажет», — деді ол.
Сондай-ақ Үкімет басшысы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шараларын күшейту үшін нақты тапсырма берді. «Біріншіден, Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, осы жылғы 1 желтоқсанға дейін жұмыс берушілер үшін еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі бойынша өзін-өзі бақылауға арналған онлайн-платформа әзірлеуді тапсырамын. Одан бөлек жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсартуда экономикалық ынталандыруды арттыратын заңнаманы жетілдіру жөнінде Үкіметтің қарауына ұсыныстар енгізсін. Екіншіден, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қазанға дейін қауіпті өндірістік объектілерде авариялықты азайту бойынша жол картасын бекітуді тапсырамын. Үшіншіден, өңірлердің әкімдіктері өнеркәсіп орындарымен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша Жол карталарын бекітсін», — деген Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.


x

Опрос среди предпринимателей и бизнесменов в рамках проекта РНФ «Деловая жизнь Казахстана».

Вотируйте за улучшение налоговой системы и других реформ в защиту бизнеса. Также, у вас есть возможность выдвинуть свои аргументы.

    1


    Тема: Создание надзорной комиссии над рабочими группами.


    Ким Екатерина Николаевна
    Председатель правления ОЮЛ «Ассоциация налоги Казахстана»


    Документ


    2


    Тема: Сервисное Государство. Сервисные гос.органы


    Барышев Максим Анатольевич

    Основатель группы компаний Учёт.kz


    Документ


    3


    Тема: Соблюдение принципа добросовестности налогоплательщиков в ходе налогового администрирования


    Карин Сакен Абуханович

    Председатель Правления ОИПиЮЛ, "Казахстанская ассоциация налоговых консультантов"


    Документ


    4


    Тема: Убрать Запрет на вычет убытков по иностранным ценным бумагам против доходов по иностранным


    Масатбаев Айдар Оралжанович

    Управляющий партнер юридической фирмы «Salyqtez» LLM Tax USA


    Документ


    5


    Тема: Администрирование по НДС

    Камеральный контроль


    Сазанбаева Екатерина Геннадьевна

    Аудитор РК


    Документ


    6


    Тема: Камеральный контроль, ошибочные уведомления, методичка.


    Тюлекбаева Татьяна Валентиновна

    Аудитор РК


    Документ


    7


    Тема: ИП, первичная документация, административная ответственность


    Есжанова Гульнур Изатбековна

    Профессиональный бухгалтер РК


    Документ


    8


    Тема: Несвоевременная постановка на регистрационный учет по НДС
    Отсутствие нормы о сроках ознакомления с документами, представленными НП в рамках исполнения уведомлений КК, и признании уведомления исполненным


    Марченко Оксана Владимировна

    Аудитор РК


    Документ


    9


    Тема: Единый аграрный налог


    Бактибаев Максут Бахтжанович

    Член правления ОИПЮЛ Мясной союз Казахстана


    Документ


    10


    Тема: Судебная практика разрешения налоговых споров


    Исмаилова Шолпан Валихановна

    Адвокат АГКА


    Документ


    11


    Тема: Улучшение работы ОСИ

    ОСИ- объединения собственников имущества


    Манарбек Абенов

    ТОО «Pater Services»


    Документ


    12


    Тема: Застой в сфере общепита и пути решения. Розничный налог


    Нурпеисова Вероника

    Советник председателя АОП РК


    Документ


    13


    Тема: Образование фундаментальная основа бизнеса


    Аубакиров Курмет Аубакирович

    Основатель компании IBC Group

    Бизнес-тренер РК


    Документ


    14


    Тема: Экономический рост РК


    Демидов Роман Владимирович

    Бизнесмен, инвестор


    Документ


    15


    Тема: Сервисное государство


    Коломин Михаил Петрович

    Управляющий проектом ИС «Параграф Юрист»

    Генеральный Директор ТОО «Компания «ЮрИнфо» собственник СИ ZAKON.KZ


    Документ