Экологтар сода зауытының салынуына қарсы - Деловая Жизнь Казахстана
soda Экологтар сода зауытының салынуына қарсы
Редактор 15 июня, 2021 2216 Блог «Налоги Алматы», Экология На прочтение: 1 минута

Экологтар сода зауытының салынуына қарсы

Жаңа кәсіпорын өңірде су тапшылығын тудыруы мүмкін Павлодар облысында кальциленген сода зауытының жобасы 2019 жылдан бері талқыланып келеді. «Павлодар-Сода» ЖШС облыс орталығында жылына 200 мың…

Жаңа кәсіпорын өңірде су тапшылығын тудыруы мүмкін

Павлодар облысында кальциленген сода зауытының жобасы 2019 жылдан бері талқыланып келеді.
«Павлодар-Сода» ЖШС облыс орталығында жылына 200 мың тонна кальциленген сода шығаратын зауыт салмақ. Сол арқылы аталмыш өнімге деген отандық сұранысты толығымен өтеп, қалғанын сыртқа сатуға бейілді. Бүгінде елдегі кәсіпорындар 50 мың тонна импорттық тауарды тұтынады. Ал «Павлодар-Сода» компаниясының негізгі сатып алушысы «Қазақстан алюминийі» АҚ болмақ. Алайда облыс тұрғындарының басым бөлігі бұл жобаның жүзеге асуына түбегейлі қарсы. 2019, 2020 жылдары өткен қоғамдық тыңдаулар кезінде экологтар сода зауытының қоршаған ортаға әкелер зияны орасан зор екенін айтып, дабыл қақты. Жақында үшінші рет өткен қоғамдық тыңдауда да бірқатар олқылықтардың бары анықталды. Экологиялық технологиялар жөніндегі құзіреттілік орталығының директоры Ахан Өмірбектің сөзіне қарағанда, қоршаған ортаға әсер туралы жобаны жасаған «Восток Экология ПВ» компаниясы бастапқы нұсқасына өзгерістер енгізді. Бірақ әлі де жетілдіретін тұстар бар. «Зауыт энергияны көмірден емес, газдан алатын болды. Сол арқылы атмосфераға шығатын қалдықтың көлемін азайтуға мүмкіндік бар. Оған қоса, жылу электр орталығынан зауытқа дейін жоғары қысымды бу құбырын салу туралы ойдан бас тартып, оның орнына сұйық прогрессивті жылу таратқышқа ауысады. Бұл жүйе тұйық циклде жұмыс істейтіндіктен, қоршаған ортаға қалдықтар шығармайды. Сол сияқты жоба авторларына Ертістен алатын суды белгіленген талаптарға дейін тазартып, өңдеп, өзенге қайта құю жолын қарастыруға кеңес беремін», – деді Ахан Өмірбек.
Суды пайдалануға қатысты сын-ескертпені белгілі эколог Светлана Могилюк те айтты. Жоспар бойынша, өндірістік қажеттілік үшін Ертістен жылына 1,8 млн текше метр су алынады. Бұл – өте үлкен көлем. «Сұранысы аз өндірісті бастағаннан гөрі дайын өнімді сырттан сатып алған әлдеқайда дұрыс. Егер аймақта бұл жоба жүзеге асса, өнеркәсіпті дамыту ісі мүлде тоқтайды. Себебі бүкіл қала халқы тұтынатын судың оннан бір бөлігін және кәсіпорындар алатын судың шамамен 8%-ын сода зауытына берсек, тапшылықтың туындайтыны анық. Жаңадан салынатын нысандарға керек суды бір ғана өндіріс орнына бергелі тұрмыз», – деді Светлана Могилюк. Онлайн режимде өткен бұл қоғамдық тыңдауда айтылған ескертулер ескеріліп, жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды. Содан соң зауытты салу-салмау мәселесі тағы да қаралады. Жобаның жүзеге асуы күмәнді болып тұрғанмен, оған инженерлік-коммуникациялық желілер тарту жұмыстары жүргізіл жатыр. Ол үшін облыстық және республикалық бюджеттен барлығы 460 млн теңге шамасында қаржы бөлінді. Бұған дейін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы кәсіпорын барлық экологиялық талаптарға сәйкес іске қосылған соң ғана инфрақұрылым инвесторға сенімді басқаруға берілетінін айтқан болатын. Егер жоба қоғам тарапынан қолдау таппаса, инженерлік желілерді өндірістік аймақта ашылатын басқа кәсіпорындар пайдаланады.
 


x

Опрос среди предпринимателей и бизнесменов в рамках проекта РНФ «Деловая жизнь Казахстана».

Вотируйте за улучшение налоговой системы и других реформ в защиту бизнеса. Также, у вас есть возможность выдвинуть свои аргументы.

    1


    Тема: Создание надзорной комиссии над рабочими группами.


    Ким Екатерина Николаевна
    Председатель правления ОЮЛ «Ассоциация налоги Казахстана»


    Документ


    2


    Тема: Сервисное Государство. Сервисные гос.органы


    Барышев Максим Анатольевич

    Основатель группы компаний Учёт.kz


    Документ


    3


    Тема: Соблюдение принципа добросовестности налогоплательщиков в ходе налогового администрирования


    Карин Сакен Абуханович

    Председатель Правления ОИПиЮЛ, "Казахстанская ассоциация налоговых консультантов"


    Документ


    4


    Тема: Убрать Запрет на вычет убытков по иностранным ценным бумагам против доходов по иностранным


    Масатбаев Айдар Оралжанович

    Управляющий партнер юридической фирмы «Salyqtez» LLM Tax USA


    Документ


    5


    Тема: Администрирование по НДС

    Камеральный контроль


    Сазанбаева Екатерина Геннадьевна

    Аудитор РК


    Документ


    6


    Тема: Камеральный контроль, ошибочные уведомления, методичка.


    Тюлекбаева Татьяна Валентиновна

    Аудитор РК


    Документ


    7


    Тема: ИП, первичная документация, административная ответственность


    Есжанова Гульнур Изатбековна

    Профессиональный бухгалтер РК


    Документ


    8


    Тема: Несвоевременная постановка на регистрационный учет по НДС
    Отсутствие нормы о сроках ознакомления с документами, представленными НП в рамках исполнения уведомлений КК, и признании уведомления исполненным


    Марченко Оксана Владимировна

    Аудитор РК


    Документ


    9


    Тема: Единый аграрный налог


    Бактибаев Максут Бахтжанович

    Член правления ОИПЮЛ Мясной союз Казахстана


    Документ


    10


    Тема: Судебная практика разрешения налоговых споров


    Исмаилова Шолпан Валихановна

    Адвокат АГКА


    Документ


    11


    Тема: Улучшение работы ОСИ

    ОСИ- объединения собственников имущества


    Манарбек Абенов

    ТОО «Pater Services»


    Документ


    12


    Тема: Застой в сфере общепита и пути решения. Розничный налог


    Нурпеисова Вероника

    Советник председателя АОП РК


    Документ


    13


    Тема: Образование фундаментальная основа бизнеса


    Аубакиров Курмет Аубакирович

    Основатель компании IBC Group

    Бизнес-тренер РК


    Документ


    14


    Тема: Экономический рост РК


    Демидов Роман Владимирович

    Бизнесмен, инвестор


    Документ


    15


    Тема: Сервисное государство


    Коломин Михаил Петрович

    Управляющий проектом ИС «Параграф Юрист»

    Генеральный Директор ТОО «Компания «ЮрИнфо» собственник СИ ZAKON.KZ


    Документ