Бәсекелестікті дамытуға не кедергі келтіреді? - Деловая Жизнь Казахстана
Серик Жумангарин
Фото: пресс-служба ЕЭК
Редактор 22 июня, 2021 808 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 40 секунд

Бәсекелестікті дамытуға не кедергі келтіреді?

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасы Серік Жұманғарин айтты Төрағаның мәлімдеуінше, бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында…

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі төрағасы Серік Жұманғарин айтты

Төрағаның мәлімдеуінше, бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында краудсорсинг алаңдарын ашты. Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңында қоғамды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша 220-ден астам сессия өткізді. Еліміздің 17 өңірінде тосқауылдарға қарсы кеңес құрды.
«Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау. Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша үш негізгі реттеуші кедергі анықталды. Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушілік немесе фаворитизм. Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету – маңызды міндет болып отыр. Бұған магистралдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологиялары жатады. Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу», – деді үкімет отырысында Серік Жұманғарин.