Биыл 35,6 мың жұмыс орны құрылады - Деловая Жизнь Казахстана
labor 3409337 1280 Биыл 35,6 мың жұмыс орны құрылады
Редактор 25 мая, 2021 522 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 28 секунд

Биыл 35,6 мың жұмыс орны құрылады

80 мың отбасы тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 35,6 мың жұмыс орнын құрылады. Бұл туралы…

80 мың отбасы тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 35,6 мың жұмыс орнын құрылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты

Оның айтуынша, өңірлерде бизнес субъектілеріне жеңілдетілген шарттармен кредиттер және қарыз беру, жарғылық капиталға инвестициялау, қаржылай емес қолдау көрсету есебінен шамамен 6 мың жұмыс орны ашылады.
«Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» 35,6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның 55%-дан астамы немесе 20,3 мыңы тұрақты жұмыс орны болады. Отбасы мүшелерін ескерсек, шамамен 80 мың адам тұрақты табыспен қамтамасыз етіледі», – деді министр Үкімет отырысында.