Кәсіпкерлер палатасы: «Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне қатысты байқауға ашықтық керек» - Деловая Жизнь Казахстана
agriculture-
Редактор 25 мая, 2021 590 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

Кәсіпкерлер палатасы: «Кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне қатысты байқауға ашықтық керек»

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова айтты Палата маманы кәсіпкерлер үшін жер қатынастары мәселесі қашанда өткір сұрақтардың бірі екенін айта келіп,…

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Гаухар Елеусінова айтты

Палата маманы кәсіпкерлер үшін жер қатынастары мәселесі қашанда өткір сұрақтардың бірі екенін айта келіп, Палатаға келіп жатқан шағымдардың негізінде кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне құқық беруде сауда-саттықты (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру, сонымен қатар, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру барысында ашықтыққа қатысты проблема бар екендігін жеткізді.
«Мәселен, аукционға қойылатын жер учаскесі туралы мәліметтерді қамтитын аукцион өткізу туралы хабарлама аукцион өткізудің жарияланған күнінен бұрын он бес күннен кешіктірілмей мерзімді баспасөз басылымында, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялануы тиіс. Сондай-ақ, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны баспа басылымдарында, интернет-ресурсында жариялау, арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру қажет. Алайда, Палатаның жасаған талдауы Қызылорда қаласы және кейбір аудандық әкімдіктермен бұл талаптардың орындалмай отырғандығын көрсетті», — дейді Гаухар Елеусінова.
Кәсіпкерлер палатасының маманы мысал ретінде Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің хабарландыруды ресми сайтта жарияламай, тек газетке шығарумен ғана шектеліп жүргендігін, Жалағаш ауданында 2020 жылғы 25 сәуір күні өткізілетін конкурс туралы хабарлама аудан әкімдігі сайтына 2020 жылы 7 тамыз күні орналастырылғандығын, яғни конкурс өткізу қағидасын бұза отырып, конкурс аяқталғаннан кейін хабарлама жасалғандығын атап өтті.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтына хабарландыру орналастыруда бір ізділіктің жоқтығы да кәсіпкерлер үшін проблема турыратындығын айтуда. Мысалы, бір ресми сайтта хабарландыру «баспасөз орталығы» бөлігінде орналасса, кейбірінде «құжаттар» бөлігінде орналастырылған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін алуға үміткерлердің ақпарат алуына кедергі деп отыр мамандар.
«Ақпараттардың қолжетімсіздігін аукционға қатысу үшін өтінімдер айырмашылығынан да байқауға болады. Мысалы 2020 жылы облыс бойынша жарияланған 357 лотқа 409 азамат өтінім берген. Аукционға шығарылған жер учаскесіне екеуден төмен өтінім болуына байланысты ол лот өткізілмейтінін ескерсек, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жетілдіруді қажет етеді» – дейді Палата маманы Гаухар Елеусінова.
Кәсіпкерлер палатасы мәселені шешу үшін мынадай ұсыныстар беруде:

  • барлық аудан және қала әкімдіктері Жер Кодексі талаптарын сақтап хабарландыруларды әкімдік сайтында тұрақты орналастыру және хабарламаны әкімдік сайтының нақты бір бөлігінде ғана орналастыруды реттеу;
  • жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша тиісті органдармен тексеру жүргізіліп, себептерін анықтап, алдағы уақытта заң аясында орындалуын қадағалау;
  • Жер Кодексінде шектеу жоқтығын ескере отырып, қосымша әлеуметтік желілерде жариялауды қарастыру.

Кәсіпкерлер палатасының көтеріп отырған аталмыш мәселесі Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында да қаралып, тиісті органдар тарапынан зерделеу жүргізілетін болды.


x

Опрос среди предпринимателей и бизнесменов в рамках проекта РНФ «Деловая жизнь Казахстана».

Вотируйте за улучшение налоговой системы и других реформ в защиту бизнеса. Также, у вас есть возможность выдвинуть свои аргументы.

    1

    Тема: Создание надзорной комиссии над рабочими группами.

    Ким Екатерина Николаевна
    Председатель правления ОЮЛ «Ассоциация налоги Казахстана»

    Документ


    2

    Тема: Сервисное Государство. Сервисные гос.органы

    Барышев Максим Анатольевич
    Основатель группы компаний Учёт.kz

    Документ


    3

    Тема: Соблюдение принципа добросовестности налогоплательщиков в ходе налогового администрирования

    Карин Сакен Абуханович
    Председатель Правления ОИПиЮЛ, "Казахстанская ассоциация налоговых консультантов"

    Документ


    4

    Тема: Убрать Запрет на вычет убытков по иностранным ценным бумагам против доходов по иностранным

    Масатбаев Айдар Оралжанович
    Управляющий партнер юридической фирмы «Salyqtez» LLM Tax USA

    Документ


    5

    Тема: Администрирование по НДС

    Камеральный контроль

    Сазанбаева Екатерина Геннадьевна
    Аудитор РК

    Документ


    6

    Тема: Камеральный контроль, ошибочные уведомления, методичка.

    Тюлекбаева Татьяна Валентиновна
    Аудитор РК

    Документ


    7

    Тема: ИП, первичная документация, административная ответственность

    Есжанова Гульнур Изатбековна
    Профессиональный бухгалтер РК

    Документ


    8

    Тема: Несвоевременная постановка на регистрационный учет по НДС
    Отсутствие нормы о сроках ознакомления с документами, представленными НП в рамках исполнения уведомлений КК, и признании уведомления исполненным

    Марченко Оксана Владимировна
    Аудитор РК

    Документ


    9

    Тема: Единый аграрный налог

    Бактибаев Максут Бахтжанович
    Член правления ОИПЮЛ Мясной союз Казахстана

    Документ


    10

    Тема: Судебная практика разрешения налоговых споров

    Исмаилова Шолпан Валихановна
    Адвокат АГКА

    Документ


    11

    Тема: Улучшение работы ОСИ
    ОСИ- объединения собственников имущества

    Манарбек Абенов
    ТОО «Pater Services»

    Документ


    12

    Тема: Застой в сфере общепита и пути решения. Розничный налог

    Нурпеисова Вероника
    Советник председателя АОП РК

    Документ


    13

    Тема: Образование фундаментальная основа бизнеса

    Аубакиров Курмет Аубакирович
    Основатель компании IBC Group
    Бизнес-тренер РК

    Документ


    14

    Тема: Экономический рост РК

    Демидов Роман Владимирович
    Бизнесмен, инвестор

    Документ


    15

    Тема: Сервисное государство

    Коломин Михаил Петрович
    Управляющий проектом ИС «Параграф Юрист»
    Генеральный Директор ТОО «Компания «ЮрИнфо» собственник СИ ZAKON.KZ

    Документ