Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда жоғары жалақы алады - Деловая Жизнь Казахстана
concept-partnership-business-young-emotional-man-woman-against-blue-background-studio-human-emotions-partnership-concept
Редактор 14 июня, 2021 708 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 2 минуты

Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда жоғары жалақы алады

Global Gender Gap рейтингісінде Қазақстан 153-орынның 72-сін иеленді. Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағанда орта есеппен жалақыны үштен бір бөлікке жоғары алады 2021 жылғы бірінші тоқсанда елімізде…

Global Gender Gap рейтингісінде Қазақстан 153-орынның 72-сін иеленді. Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағанда орта есеппен жалақыны үштен бір бөлікке жоғары алады

2021 жылғы бірінші тоқсанда елімізде 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға артық. Олардың басым бөлігі (77%-ы) – жалдамалы қызметкерлер: 3,3 млн әйел. Сондай-ақ жұмыс істеп жүрген әйелдердің 17,1%-ы – жеке кәсіпкерлер: 727,8 мың адам (ерлер әйелдерге қарағанда 13,6%-ға көп). Тәуелсіз қызметкерлер: 246,2 мың әйел (ерлермен салыстарғанда 6,9%-ға артық). Шаруашылық серіктестегі, акционерлік қоғам құрылтайшылары, өндірістік кооператив мүшелері: 7,9 мың әйел (ерлермен салыстарғанда 14,3%-ға артық).  2021 жылғы бірінші тоқсанда қашықтан 51,7 мың әйел, 21,9 мың ер жұмыс істеген. Олардың 85,3%-ы жұмысында коммуникацияға өз қаражатын, ал 14,7%-ы жұмыс берушілер берген қаражатты пайдаланған.  Жұмыспен қамтылған әйелдердің 45,7%-ы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, 40,2% – орта кәсіптік (арнайы), 7,4% – бастауыш кәсіптік, 6,7% – орта білімі бар. Жұмыс істейтін әйелдердің басым бөлігі Алматыда тұрады: 508,4 мың адам.
Өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Үздік үштікке Алматы мен Түркістан облыстары енді. Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі өте аз. Жұмыспен қамтылған әйелдер саны Түркістан облысында айтарлықтай өскен: бір жылда плюс 9,5% немесе 367,5 мың адамға дейін.  Ал Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі айтарлықтай азайған: бір жылда минус 4,1% немесе 137,8 мың адамға дейін.
Негізінен әйелдер сауда және көлік жөндеу, білім беру, ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс істейді. Олардың үлесі ақпарат және байланыс саласында аз.  Сонымен қатар жұмыспен қамтылған халық арасында ерлердің үлесі құрылыста 3,1 есе, көлік және қойма саласында 3 есе, өнеркәсіпте 2,3 есе көп.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде Еңбек кодексінің 16 және 26-баптарына әйелдер еңбегін пайдалануға шектеу қойылған жұмыстар тізімін алып тастауға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл тізімде 213 кәсіп пен жұмыс түрі бар. Ол жұмыстың ауырлығына, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларына байланысты әйелдердің жұмысқа орналасуын шектейді.
2020 жылы Қазақстанда бір қызметкердің орташа жалақысы 213 мың теңге болды. Ерлердің жалақысы – 243,5 мың теңге, әйелдердің жалақысы – 182,7 мың теңге. Жалақы айырмашылығы – 33,3% (ерлердің пайдасына).  Еліміз бойынша жалақының нақты өсімі орта есеппен 14%-ға (ерлерде 9,4%-ға, әйелдерде 21,2%-ға) өскен. Өнер және демалыс, қаржы және сақтандыру қызметі мен өнеркәсіп салаларындағы жалақыда айтарлықтай айырмашылық бар.
Global Gender Gap Report 2020 зерттеу деректеріне сәйкес, ТМД елдері арасында Қазақстан 9 орынның төртіншісіне ие болды.  Еліміздің индексі – 0,710. Индекс неғұрлым жоғары болса, мемлекетте әйелдер мен ерлер арасындағы гендерлік алшақтық азаяды. Тізімде Молдова, Беларусь, Украина Қазақстаннан жоғары, ал Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Тәжікстан елімізден төмен тұр. Әлемдік рейтингте Қазақстан 153 орынның 72-сіне иеленді.