ЕЭК тауарларды стандарттаудың ортақ тәртібін енгізуді көздеп отыр - Деловая Жизнь Казахстана
gost ЕЭК тауарларды стандарттаудың ортақ тәртібін енгізуді көздеп отыр
Редактор 14 июня, 2021 754 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 55 секунд

ЕЭК тауарларды стандарттаудың ортақ тәртібін енгізуді көздеп отыр

Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев айтып өтті «Тауарларды стандарттау мәселесі дәл қазір бәріміз үшін елеулі сұрақтардың біріне…

Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев айтып өтті

«Тауарларды стандарттау мәселесі дәл қазір бәріміз үшін елеулі сұрақтардың біріне айналды. Неге десеңіз, бізде экономикалық одаққа ортақ стандарт жоқ. Біз ТМД елдерінің стандарттау бойынша мемлекетаралық кеңесі негізіндегі стандарттарды қолданамыз. Яғни совет одағы кезіндегі ГОСТ-тар әлі күнге дейін 12 мемлекетке ортақ боп тұр. Осы 12 елдің ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін 5 мемлекет бар. Стандарттардың көбін әлбетте, нарығы үлкен Ресей жасап шығарса, одан кейінгі орындарда Қазақстан мен Беларусь тұр. Яғни бүкіл ТМД елдерінің ішінде стандарттау тәртібін бекітіп жатқан негізгі үш мемлекет те осы. Стандарттарды бизнес өкілдері де, мемлекет те болуы мүмкін. Біз мемлекетаралық стандарттар болғанын қалаймыз», — дейді  Тимур Нұрашев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық регламенттің дәлелді базасына 12 мың стандарт енеді. Оның ішінде ГОСТ-тардың саны – 7 мың. Қалған 5 мыңы – ұлттық стандарттар. Яғни ұлттық стандарттарды әр мемлекеттің өзі жасауы мүмкін. Алайда экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара келісіп, бір-бірінің ұлттық стандартын мойындауы ықтимал.  «Қазіргі проблеманы уақытша шешудің бір амалы ретінде мұны қабылдауға болады. Бірақ біз барлық мемлекетке ортақ стандарт болғанын қалар едік», — дейді ол.