Ұн бір жылда 15%-ға қымбаттаған - Деловая Жизнь Казахстана
rolling-pin-eggs-flour (1)
Редактор 14 июня, 2021 1081 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 2 минуты

Ұн бір жылда 15%-ға қымбаттаған

Ең қымбат ұн – елордада (1 келісі – 326 теңге), ең арзаны – Павлодарда (1 келісі – 180 теңге). 2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда 1,1 млн…

Ең қымбат ұн – елордада (1 келісі – 326 теңге), ең арзаны – Павлодарда (1 келісі – 180 теңге). 2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда 1,1 млн тонна ұн өндірілді

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға аз. Өндірістің ең көп көлемі Қостанай облысына тиесілі: 361 мың тонна, бір жылда плюс 5,6%. Үздік үштікке Шымкент қаласы (110 мың тонна) және Қарағанды облысы (100,6 мың тонна).
Айта кетейік, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізде 3,3 млн тонна ұн өндірілген. Өндіріс 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Қазақстандағы ең ірі ұн өндірушілер – «Саламат», «Асалия», «Азия Ұны», «Romana-Нан», «Аруана-2010», Miller&K, «Алтын-Дан», Pioneer Grain Products және тағы басқалары. Сектордағы өндірістің 93%-ы ұсақ тартылған бидай ұнының үлесінде: 2021 жылғы 4 айда 1 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға аз. Сондай-ақ өндірістің тағы 6,5%-ы нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспалар үлесінде (71,4 мың тонна, бір жылда минус 5,3%), өндірістің қалған 0,5%-ы өсімдік ұны (4,3 мың тонна, минус 7,5%) және дәнді дақыл ұнына (бидай ұнынан басқа) тиесілі (1,5 мың тонна, минус 51,5%). Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша отандық ұн өндірушілер ұнға сұранысты (ішкі нарықта өткізу плюс экспорт) толығымен (99,6%-ға) қамтамасыз етті. Қазақстанға 3,3 мың тонна ұн жеткізілген. Экспорт үлесіне ресурстардың 45,4%-ы немесе 342,9 мың тонна ұн тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% -ға артық. Еліміз ішкі нарықта 412,8 мың тонна ұн сатқан, бір жылда минус 9,1%. Хабар24 телеарнасының мәліметінше, Қазақстанда ұн тартатын кәсіпорындар саны азайып жатыр. Бәсекелестікке төтеп бере алмай, шағын компаниялар ғана емес, ірі кәсіпорындар да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Мысалы, жақында Тимирязев ұн тарту комбинаты (Солтүстік Қазақстан облысы) банкрот екенін ресми түрде жариялады. Ол еліміздегі ірі кәсіпорындың бірі еді, өнімін Ауғанстанға экспорттаған. 2021 жылғы қаңтар-наурызда ақшалай мәнде 96,9 млн доллардың ұны экспортқа шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп. Экспорттың 70,2%-ы Ауғанстанға бағытталған: бірінші тоқсанда – 70,7 млн доллар немесе 240,7 мың тонна ұн. Өнімнің заттай өсімі – 21,2%, ақшалай мәндегі өсімі – 32,4%. Сондай-ақ экспорттың 29,7%-ы ТМД елдері үлесінде: 101,7 мың тонна ұн немесе 26,1 млн доллар. Мұндағы басты импорттаушы – Өзбекстан: 70,8 мың тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ға аз. Осы жылғы мамырда еліміздің ішкі нарығында бөлшек сауда орындарында жоғары сұрыпты ұн бағасы – 248 теңге (1 келісі) болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,9%-ға қымбат. Әсіресе, ұны елордада қымбат (1 келісі – 326 теңге), ең арзан ұн – Павлодарда (1 келісі – 180 теңге). Ұнның бағасы Солтүстік Қазақстан (бір жылда плюс 27,7%), Жамбыл (плюс 22,6%) және Қарағанды (плюс 20,4%) облыстарында айтарлықтай өскен. 17 өңірдің тоғызында бағаның өсуі елдегі орташа деңгейден жоғары болды.