Елімізде жиналған 4 млн тонна қалдықтың 13 мың тоннасы ғана өңделген - Деловая Жизнь Казахстана
scrapyard 2441432 1280 Елімізде жиналған 4 млн тонна қалдықтың 13 мың тоннасы ғана өңделген
Редактор 24 мая, 2021 587 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 50 секунд

Елімізде жиналған 4 млн тонна қалдықтың 13 мың тоннасы ғана өңделген

Қоқыс утилизациясымен айналысатын кәсіпорындарға биыл 4 миллион тонна қалдық жеткізілген.  Осы қалдықтардың 1 миллион тоннасы сұрыпталды Екінші шикізатты алу үшін 13 мың тоннаға жуық қалдық…

Қоқыс утилизациясымен айналысатын кәсіпорындарға биыл 4 миллион тонна қалдық жеткізілген.  Осы қалдықтардың 1 миллион тоннасы сұрыпталды

Екінші шикізатты алу үшін 13 мың тоннаға жуық қалдық қайта өңделген. «2020 жылы елде қалдықтарды жинап, шығаратын 625 кәсіпорын болды. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,5 пайыз артық. Осы кәсіпорындардың ішіндегі 206-ы жеке кәсіпкерлер, 419-ы кәсіпорындар мен ұйымдар. Олардың ішінде көбі, атап айтқанда 584-і жеке бизнес өкілдеріне тиесілі. 37-і мемлекеттік кәсіпорындар болса, 4-і шетелдік компаниялар», – деп жазылған зерттеуде.
Былтыр осы кәсіпорындар 2,8 млн тонна көлемде коммуналдық қалдықтарды жинап алған. Жиналған қалдықтардың 2 млн тоннасы – тұрмыстық шаруашылықтардың қалдықтары. 411,5 мың тоннасы – өндірістен келсе, 278,9 мың тоннасы көше қоқысы, 61,3 мың тоннасы базарлардың қалдықтары болды. 41,5 мың тоннасы құрылыс материалдарынан, ал 8,6 мың тоннасы саябақтарда жиылған. Аймақтар деңгейінде коммуналдық қалдықтардың көбі Алматыда (414 мың тонна – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,4 пайыз аз) жиылған.
Қалдықтар көп жиылған үштігінде Қарағанды облысы (364,1 мың тонна) мен елорда (298,8 мың тонна), ал қоқыстар мен қалдықтар ең аз жиылған өңірлердің соңында Қызылорда облысы (58,8 мың тонна) тұр.