Энергетикалық ресурстарға қайтарымсыз қаржы беретін елдер рейтингінде 11 сатыда тұрмыз - Деловая Жизнь Казахстана
power plant 815799 1280 Энергетикалық ресурстарға қайтарымсыз қаржы беретін елдер рейтингінде 11 сатыда тұрмыз
Редактор 13 апреля, 2021 127 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 41 секунда

Энергетикалық ресурстарға қайтарымсыз қаржы беретін елдер рейтингінде 11 сатыда тұрмыз

Секторға бөлген жылдық дотация көлемі – 6,6 млрд доллар 2019 жылы Халықаралық энергетикалық агенттіктің энергетикалық ресурстарға дотация бөлу бойынша рейтингінде еліміз 11 орынға жайғасты, деп…

Секторға бөлген жылдық дотация көлемі – 6,6 млрд доллар

2019 жылы Халықаралық энергетикалық агенттіктің энергетикалық ресурстарға дотация бөлу бойынша рейтингінде еліміз 11 орынға жайғасты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. Бұл ретте еліміз салаға 6,6 млрд доллар қайтарымсыз қаржы құйған, оның ішінде ІЖӨ 3,6%. Сонымен қатар Қазақстан көмірге дотация бөлетін рейтингідегі жалғыз мемлекет. Оның көлемі 2,2 млрд долларды құрады.
Бөлінген қаржы көлемі бойынша біздің ел БАӘ, Кувейттің алдында. ТМД-да Ресейден кейінгі екінші орында.  Сондай-ақ дотацияның үлесін бағалау елімізде электр энергиясының бағасы оның нарықтық құнынан 29,4%-ға төмен екенін көрсетті. Ал көмір бағасы нарықтық құнынан 54,5% төмен болып шықты. Оған себеп көмірдің металл мен мұнайдан түскен табыс есебінен субсидиялануы.  Қазақстан үкіметі бағаны әлеуметтік мақсатта төмен деңгейде ұстап отыр.
IHS Markit-тің бағалауынша қазақстандықтар әлемде коммуналдық қызметке ең аз ақы төлейтіндер қатарында екен. Көптеген өңірлерде коммуналдық төлем орта есеппен отбасы кірісінің 3%-ын құрайды.