«Бастау бизнес» басталды - Деловая Жизнь Казахстана
36944416 657075454659628 7613990521949650944 n «Бастау бизнес» басталды
Редактор 13 апреля, 2021 162 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 1 минута

«Бастау бизнес» басталды

Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту 26 сәуірден басталады, өтінімдер 19 сәуірден қабылданады. Коронавирустың таралуына байланысты биыл өткен жылдағыдай  оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн өтеді Оқуға қатысу…

Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту 26 сәуірден басталады, өтінімдер 19 сәуірден қабылданады. Коронавирустың таралуына байланысты биыл өткен жылдағыдай  оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн өтеді

Оқуға қатысу үшін үміткерлерге алдымен Жұмыспен қамту орталығына (Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» БО) жүгініп, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін өткізіп, оқуға жолдама алуы керек.
Жұмыспен қамту орталықтары Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген, жобаның нысаналы тобына сәйкес келетін үміткерге оқуға жолдама береді. Олар:

  • жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз азаматтар;
  • мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмеген жағдайда;
  • зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
  • NEET санатындағы жастар;
  • табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;
  • қоныс аударушылар және қандастар;
  • сонымен қатар тіркелуі 3 жылдан аспаған жеке кәсіпкерлігі бар жас кәсіпкерлер.

«Оқуға жолдамамен үміткер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасына келіп немесе электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы сайтында тіркеле алады. Ол үшін сайтқа жолдама мен жеке куәліктің екі жағынан түсірілген скан нұсқасын жүктеу керек (осы құжаттардың жақсы сападағы фотосуреттері де жарайды). Содан кейін жеке кабинетіңізде жіберілген өтінімнің статусы көрсетіледі. Егер барлығы дұрыс жүктелсе, өтінім мақұлданады. Егер талап етілген құжаттардың бірін жүктемеген болсаңыз немесе көшірмелердің сапасы нашар болса, өтінім кері қайтарылады. Үміткерлердің өтінімдері толық қабылданған соң біз алғашқы лектің төрт тобын жасақтаймыз. Әр топқа бизнес-тренер бекітіледі. Жобаның барлық қатысушыларына жобаның басталғаны хабарланады», – деп ақпараттандырды Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП директоры Алмат Жүнісов.  Еске салсақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі.