Халықаралық резервтеріміз 1,7 млрд долларға азайды - Деловая Жизнь Казахстана
coins bottles with trading graph Халықаралық резервтеріміз 1,7 млрд долларға азайды
Редактор 30 апреля, 2021 554 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 3 минуты

Халықаралық резервтеріміз 1,7 млрд долларға азайды

Ұлттық банк 2021 наурыз айындағы қаржы нарығының ахуалына шолу жарялады.  Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2021 бері 5,9%-ға төмендеді Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы…

Ұлттық банк 2021 наурыз айындағы қаржы нарығының ахуалына шолу жарялады.  Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2021 бері 5,9%-ға төмендеді

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы наурызда инфляция 0,6% болды. 2020 жылғы наурызда оның деңгейі  0,9% еді. Демек, 0,3% бәсеңдеген. Бірақ бұл елеусіз бәсеңдеу бағаның бассыз кетуіне тосқауыл бола алмаған сияқты. Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,6%-ға, ақылы қызметтер – 3,7%-ға қымбаттаған.

Ұлттық қорда қанша ақша бар?

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылдың басынан бері 5,9%-ға төмендеп, 33,5 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Мұны банк саласындағы реттеуші орган алтын бағасының құлдырауымен, екінші деңгейлі банктердің қаражат көлемінің қысқаруымен байланыстырады.
Сыртқы қарызды төлеуге кеткен шығын да халықаралық резервтің ортаюына әсер етсе керек. «Алдын ала деректер бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,1 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы наурыздың соңында 90,7 млрд АҚШ долларын құрады», – деп жазылған Ұлттық банк дерегінде. Мұны ақпан айындағы шолумен салыстырсақ, Ұлттық банктің халықаралық резервтері ғана ортаймағанын көреміз. Бір ай бұрын Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57,6 млрд доллар деп болжанған болатын. Ал наурыздағы көлемі 57,1 млрд доллар болып отыр. Осылайша Ұлттық қор мен Ұлттық банктің резервін қосқанда Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері  92,4 млрд доллардан 90,7 млрд долларға азайғанын байқауға болады. Яғни, бір айдың ішінде елдің халықаралық резерві 1,7 млрд долларға төмендеген. Теріс сальдо қысқарды.
Ал елдің ішінде ақша массасы бір айдың ішінде 3,5%-ға ұлғайып, 26 171,9 млрд теңге немесе долларға шаққанда 61,1 млрд доллар болған. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жылдық 9,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдағаны белгілі.
2021 жылғы наурыздың соңында Ұлттық банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы 4,9 трлн теңге болды. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 5 трлн теңге болатын. Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы наурызда 1,4%-ға ұлғайып, 11 339,4 млрд теңге болды. Наурыздың соңында мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға нарықтың белсенді қатысуы арқасында кірістілік қалыпқа келді. Ал қысқамерзімді қағаздар бойынша кірістілік есепті кезеңнің басымен салыстырғанда төмендеді. Рубльдің үлесі арта түсті Наурызда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 417,97-424,97 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы наурыздың соңында теңгенің АҚШ долларына биржалық бағамы бір айда 1,9%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 424,97 теңге болды. Теңге-доллар операцияларының жалпы көлемі бір айда 10,5 млрд долларға барып тоқтады. Оның ішінде биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемі 6,2 млрд доллар. 2021 жылғы наурызда халық 131,6 млрд теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алған. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыс 28,8%-ға төмендеген. Ал бір жыл бұрын шетел валютасын сатып алуға халықтың шығындаған ақшасы 236,4 млрд теңге (44,3% көп) болған еді. Шығыстың негізгі бөлігі немесе 43,5%-ы (57,3 млрд теңге) Ресей рублін сатып алуға кеткен.  АҚШ долларын сатып алуға – 39,4% немесе 51,8 млрд теңге, еуроны сатып алуға – 16,9% немесе 22,2 млрд теңге жұмсалған. Осылайша бір айда АҚШ долларын сатып алуға жұмсалатын шығыс 2,2 есе қысқарса, Ресей рублін сатып алуға жұмсалатын шығыс 20,6%-ға  өскен. Еуро сатып алуға жұмсалатын шығыс  та 3,8%-ға ұлғайған.

Депозит нарығы

«Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып, 23 378,4 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,7%-ға немесе 11 896,4 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,6%-ға 11 482,0 млрд теңгеге дейін өсті»,– деп жазады Ұлттық банк. Кредит нарығы Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 1,7%-ға ұлғайып, 14 792,7 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредит көлемі 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 2,2%-ға немесе 7 733,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде ұзақ мерзімді кредит ретінде 12 629,6 млрд теңгеге,  қысқа мерзімді кредит ретінде  2 163,0 млрд теңге берілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы наурызда 5,1%-ға 2 426,8 млрд теңгеге дейін төмендеген. Бұл санаттағы несие жалпы экономикаға бөлінген кредиттердің 16,4%-ын құрайды. Банктердің экономикаға салған кредиттерінің 13,5%-ы өнеркәсіпке, 11,8%-ы саудаға,  4,2%-ы құрылысқа және 3,2%-ы  көлік пен өзге салаларға тиген. Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі 11,5% болды. Бұл былтырғыдан тура 1% арзан.
Ал жеке тұлғаларға берілген кредиттердің орташа сыйақы мөлшерлемесі бір жылда тек 0,7% ғана төмендеген (17,0%  – 17,7%). Шыққан ақша кірген ақшадан 3,5 есе көп.
Наурызда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 81,3 млрд теңге болды. Ол үшін 300 мың аударым жасалған екен. Бір ай бұрынғы жағдаймен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемі 23,9%-ға ұлғайған. Аударымдардың 77,5%-ы Қазақстаннан сыртқа жолданған. Ақшаға шақсақ, бұл  75,9 млрд теңге теңге. Ал шетелден елге кірген ақшаның көлемі 24,9 млрд теңге теңге. Зейнетақы жүйесі «2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-наурызда 314,4 млрд теңгеге азайып, 12 599 млрд теңге болды», — деп жазылған шолуда. 2021 жылғы қаңтар-наурызда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 сәуірдегі 5 911,7 млрд теңгеге дейін 358 млрд теңгеге ұлғайды. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,9 миллионға жетті. Қаңтар-наурыз аралығында зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,03 трлн теңге болған. БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін мемлекеттік бағалы қағаздар мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 43, және 25,7  пайыздық қатынаспен алып жатыр.