КАZGUU университеті Ashyq қосымшасын енгізді - Деловая Жизнь Казахстана
Ashyk status
Редактор 14 мая, 2021 579 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 30 секунд

КАZGUU университеті Ashyq қосымшасын енгізді

COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар университетке кіре алмайды Бүгіннен бастап елордалық университетке келушілер вирус жұқтыру статусына байланысты қызыл,…

COVID-19-ға ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болған азаматтар, сондай-ақ вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар университетке кіре алмайды

Бүгіннен бастап елордалық университетке келушілер вирус жұқтыру статусына байланысты қызыл, сары, көк және жасыл түстерге «бөлініп», QR-код арқылы кіргізілуде.
Бұл туралы М.С. Нәрікбаев атындағы КАZGUU Университетінің Провосты Сергей Пен айтты.
«Шектеулермен өмір сүріп жатқанымызға бір жылдан асты. «Ashyq» мобильді қосымшасын негізсіз сынап жатқандармен келіспеймін. Біз  студенттеріміздің, оқытушыларымыздың және қызметкерлеріміздің денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінгендіктен «Ashyq» жобасын қолдап отырмыз.  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келушілердің статусы туралы нақты ақпаратты қосымшаға жүктеп отыр. Осылайша қауіпті барынша азайтуға мүмкіндігіміз бар», – дейді университет басшылығы.
Атап өтейік, университет отандық жоғары оқу орындарының арасында «Ashyq» жобасын бірінші болып қолдады.