Қазақстан 5 млрд долларға қызметтер экспорттады - Деловая Жизнь Казахстана
train 821500 1280 Қазақстан 5 млрд долларға қызметтер экспорттады
Редактор 28 апреля, 2021 720 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 43 секунды

Қазақстан 5 млрд долларға қызметтер экспорттады

Ал импорт 8,1 млрд долларды құрады.  2020 жылы Қазақстан шетелге жалпы сомасы 5 млрд доллардың қызметтерін көрсеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үштен бірге аз Қызметтер…

Ал импорт 8,1 млрд долларды құрады.  2020 жылы Қазақстан шетелге жалпы сомасы 5 млрд доллардың қызметтерін көрсеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда үштен бірге аз

Қызметтер импорты осы кезеңде 29,4%-ға, яғни ақшалай мәнде 8,1 млрд долларға дейін төмендеді. Осылайша 2020 жылы қызметтердің импорты экспорттан 3,1 млрд долларға жоғары болды. 2019 жылы импорт пен экспорттың айырмашылығы 3,7 млрд долларды құрады.
Қызмет көрсету саласы бойынша халықаралық саудада еліміз салаулы бағыттарда оң нәтижеге қол жеткізген.  Олардың ішінде көлік саласында 1,2 млрд доллар (экспорт – 3,4 млрд доллар, импорт – 2,1 млрд доллар).
Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласында: 96,9 млн доллар (экспорт – 140,8 млн доллар, импорт – 43,9 млн доллар), ҒЗТКЖ: 3 млн доллар (экспорт – 21,3 млн доллар, импорт – 18,3 млн доллар). Техникалық, саудаға байланысты және басқа да қызметтер саласында көрсеткіштер төмен.
Мәселен, менеджмент саласындағы кәсіби және консультациялық қызметтер секторында: 807,6 млн доллар (экспорт – 124 млн доллар, импорт – 931,6 млн доллар).