Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 3,4 долларға жетті - Деловая Жизнь Казахстана
container
Редактор 28 мая, 2021 1159 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 55 секунд

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 3,4 долларға жетті

Еліміз Қытайға өңделмеген металдар, мұнай-газ өнімдерін экспортқа жіберіп, бұл елден электроника мен киімді импорттайды.  Қазақстаннан Қытайға жіберілетін экспорт тауарлары импорттан 9%-ға артық 2021 жылғы қаңтар-наурызда…

Еліміз Қытайға өңделмеген металдар, мұнай-газ өнімдерін экспортқа жіберіп, бұл елден электроника мен киімді импорттайды.  Қазақстаннан Қытайға жіберілетін экспорт тауарлары импорттан 9%-ға артық

2021 жылғы қаңтар-наурызда қос ел арасындағы тауар айналымы 3,4 млрд-қа долларға жетті. Өткен жылғы көрсеткіш – 3,3 млрд доллар. Бұл – Ресейден кейінгі екінші көрсеткіш (4,8 млрд доллар). Бір жылда Қазақстан тауар айналымындағы Қытайдың үлесі 15,5%-дан 17,3%-ға дейін өскен. Еліміз үшін Қытай басты экспорттық бағыт болып саналады. Бұл елге экспорт көлемі 1,8 млрд долларға қысқарған (өткен жылғы көрсеткіш – 2,2 млрд доллар). Қытайдан келетін импорт 1,1 млрд доллардан 1,6 млрд долларға дейін өскен. Ресейден келетін импорт көрсеткіші – 3,5 млрд доллар.
2021 жылғы қаңтар-наурызда  Қазақстаннан Қытайға жіберілетін экспорт тауарлары тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (448,5 млн доллар), ферроқорытпалар (222,9 млн доллар) және табиғи газ (202,6 млн доллар) болып саналады.
Сонымен қатар, мұнайдың айтарлықтай көлемі (186,4 млн доллар), өңделмеген мырыш (108,1 млн доллар), темір кендері мен концентраттар (95,7 млн доллар) жіберілген. Импорт тауарларының көшбасында ұялы телефон, смартфон, планшет және осыған ұқсас құрылғылар тұр (174,1 млн доллар). Кейін тізімде компьютер және периферия (126 млн доллар) бар. Үздік үштікті трикотаж және тоқыма киім (85,4 млн доллар) қорытындылайды.