Қазақстан туризм нарығы бойынша әлемдік рейтингіде 76-орынға жайғасты - Деловая Жизнь Казахстана
visitalmaty 3457115 1280 Қазақстан туризм нарығы бойынша әлемдік рейтингіде 76-орынға жайғасты
Редактор 22 апреля, 2021 666 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 45 секунд

Қазақстан туризм нарығы бойынша әлемдік рейтингіде 76-орынға жайғасты

Еліміз Ирак пен Оманнан ғана алда.  Қазақстан шытырман оқиғалар мен туризм бойынша әлемдік рейтингіде соңғы орындардың біріне тұрақтады Жалпы, тізімде 78 мемлекет болса, еліміз тек…

Еліміз Ирак пен Оманнан ғана алда.  Қазақстан шытырман оқиғалар мен туризм бойынша әлемдік рейтингіде соңғы орындардың біріне тұрақтады

Жалпы, тізімде 78 мемлекет болса, еліміз тек Иран мен Оманнан ғана алда. Яғни, 76-сатыда, деп хабарлады ranking.kz.
Қазақстанға саяхат саласы бойынша 100 ұпайдан тек 4,4 ұпай берілген. Табиғатының көркі бойынша 100 ден 10,4 ұпай, климаттың қолайлылығы 2,1 ұпай, қонақжайлық үшін 7,4 ұпай белгіленді. Ал туризм бойынша ең үздік мемлекеттер қатарында Бразилия, Италия мен Испания бар. Көрші елдер арасында 51-сатыда – Ресей, 74-орында – Өзбекстан тұр.  Былтыр отандық қонақ үй, хостелдер мен өзге де турист күту орындары 66,9 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 44,5%-ға төмен.  Салыстырар болсақ, 2019 жылы бұл көрсеткіш 15,9%-ға артып, 120,5 млрд теңгеге жеткен. Қызметтердің көп бөлігі Алматыда  (16,8 млрд теңге, – 48%), Нұр-Сұлтанда (11,6 млрд теңге, – 55,7%) және Ақмола облысында көрсетілген (6,4 млрд теңге, – 14,7%). Ал туристерді ең аз қабылдаған өңірлер Солтүстік-Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстары.