Қазақстанда әр оныншы компаниядан ғана инновациялық белсенділік байқалады - Деловая Жизнь Казахстана
beautiful woman bright yellow sweater pink virtual reality glasses happy excited overjoyed touch air Қазақстанда әр оныншы компаниядан ғана инновациялық белсенділік байқалады
Редактор 05 июня, 2021 680 Блог «Налоги Алматы» На прочтение: 38 секунд

Қазақстанда әр оныншы компаниядан ғана инновациялық белсенділік байқалады

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бақылауға алынған 28,1 мың компанияның бар-жоғы 11,5 пайызы ғана (одан бір жыл бұрын 11,3 пайызы), атап айтқанда 3,2 мыңы инновациялық…

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бақылауға алынған 28,1 мың компанияның бар-жоғы 11,5 пайызы ғана (одан бір жыл бұрын 11,3 пайызы), атап айтқанда 3,2 мыңы инновациялық белсенділікті танытқан

«Қазақстанның аймақтары ішінде кәсіпорындардың инновациядағы белсенділігі 5,9 пайыз (Батыс Қазақстан облысы) бен 14,3 пайыз (Қостанай облысы) аралығында болған. Инновациясы жоғары кәсіпорындардың біршама үлесі Солтүстік Қазақстан облысы (14,1 пайыз) мен Жамбыл (13,7 пайыз) облысында шоғырланған. Салалық тұрғыда бөліп қарайтын болсақ, инновациялық белсенділіктің жоғары деңгейі білім (59,2%), денсаулық сақтау (33,3%), сонымен қатар ғылыми зерттеу (30,6%) саласында байқалған»,– делінген зерттеуде.
Салалық инновация тұрғысынан көш соңындағы секторы – құрылыс. Аталмыш саладағы компаниялардың 2,5 пайызында ғана инновациялық белсенділік көрінген. Қаржылық және сақтандыру саласы да (6,6%), сауда және авто мен мотоцикл жөндеу саласы (7,9%) инновациядан кенже қалып тұр. Азық-түлік пен процестік инновация бойынша кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 7,5 пайыздан 8,6 пайызға өскен.