Биыл қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін қарызы 15 млрд теңгеден асты. 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифі бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 1,7%-ға…
Биыл қазақстандықтардың коммуналдық қызметтер үшін қарызы 15 млрд теңгеден асты. 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тарифі бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 1,7%-ға өсті
Ақтөбе облысында коммуналдық қызметтер бір жылда айтарлықтай қымбаттаған: бірден 16,1%. Бағаның өсуі Ақмола (плюс 4,6%) және Жамбыл (плюс 4,4%) облыстарында да тіркелген. 3 өңірде баға төмендеген: Қостанай және Түркістан облыстары, Алматы қаласы.
Бір айда баға Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ғана өскен, ал Қызылорда облысында төмендеген. Коммуналдық қызметтер арасында қоқыс шығару қызметі қымбаттаған: бір жылда 13,4%, бір адамға 268 теңгеге дейін. Электр энергиясының тарифі бір жылда 2,8%-ға өскен.
Электр энергиясы қызметінің орташа бағасы электр плиталарын пайдаланатындар үшін 100 кВт/с 1,3 мың теңгеден 2,2 мың теңгеге дейін, ал аталған тұрмыстық техниканы пайдаланбайтындар үшін 1,4 мың теңгеден 2,2 мың теңгеге дейін.
Қазақстан бойынша суық судың орташа тарифі – 1 текше метр үшін 70,2 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7%-ға қымбат. Ыстық судың тарифі 1 текше метр үшін – 263,5 теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға арзан. Суды бұру бойынша қызметтер 1 текше метр үшін 0,9%-ға немесе 49,9 теңгеге, ал тұрғын үйді күтіп ұстау төлемі 1,2%-ға немесе 1 шаршы метрі үшін 30,3 теңгеге қымбаттады.
Құбыр арқылы тасымалданатын газ бағасы өзгерген жоқ: 1 текше метр табиғи газ үшін 25 теңге, ал сұйытылған газдың 1 келісі 160,3 теңге. Балондағы 50 литр газ 3,2 мың теңгеден сатылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға қымбат. Орталықтандырылған жылу беру бағасы 3,2%-ға немесе 1 Гкал үшін 3,5 мың теңгеге төмендеді. Биыл коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың дебиторлық қарызы – 15,4 млрд теңге.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 млн теңгеге артық. Ең көп дебиторлық қарыз Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Қызылорда және Маңғыстау облыстарында.